«Педагогика ғылымы жастардың көзімен»
- Подробности
- Опубликовано: 16 марта 2015
2015 жылғы 16 наурызда Кафедра апталығы шеңберінде Психология және педагогика факультетінің педагогика кафедрасы «Педагогикалық ғылым жастар көзімен» атты студенттік ғылыми-практикалық конференцияны ұйымдастырып өткізді.
Конференция жұмысы мемлекеттік және орыс тілінде «Студенттік зерттеулеріндегі педагогиканың өзекті мәселелері» атты екі секцияда жүргізілді.
Мемлекеттік тілде 13, орыс тілінде 15 жұмыс ұсынылды. Баяндама дайындаған студенттерге ғылыми-практикалық конференцияның қатысушы сертификаты берілді.