Заманауи түрдегі онлайн семинар сабағы
- Подробности
- Опубликовано: 20 февраля 2015
Ғылым мен техника қарқынды дамып отырған бүгінгі күнде студенттің даралық қасиеттері менқабілетін ескеру,дарынын дамыту, таным деңгейі мен білімін арттыру, жан-жақты, құзіретті мұғалім ретінде дайындау мен бүтін ЖОО-ның міндеті болып табылады. Осы бағытта, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының студенттеріменсабақ барысында ЖОО- мен байланысқа түсіп, сабақты жаңа түрде, түрлендіру мақсатында онлайн семинар сабақтары жүргізілді. Атап айтсақ,Ы.Алтынсарин атындағы Рудный әлеуметтік- гуманитарлық колледжімен сабақ байланысы жандандырылды. «Этнопедагогика» пәнін қазақ тілі пәнімен байланысы тығыз екенін көрсетіп, онлайн семинар сабағы жүргізілді. Жүйелі жүргізілген сабақта студенттер тақырыпты толық аша отырып, өз белсенділіктерін көрсетті. «Мерекелер» тақырыбындағы Наурыз мерекесіне арналған, қойылымдар мен сұрақ- жауап тапсырмалар студенттер көңілінен шығып, байланыс ән- шашумен жалғасты.