Жоғары оқу орнындағы практикалық бағытталған оқу үдерісі
- Подробности
- Опубликовано: 12 января 2015
p>«Тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі» пәні – тәрбиенің теоретикалық негіздер аумағында студенттердің білімін тереңдетіп, жүйелендіріп және тәрбие әдістемесі мен технологиясы аумағында білімдер қалыптастыруға, жалпы мектеп жағдайының жүйесі ретінде тәрбие үдерісін ұйымдастырудың алдыңғы тәжірибелерімен таныстыруға арналған арнайы курс болатын. Бұл курсқа жетекшілік еткен Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының педагогика кафедрасының аға оқытушысы Шалғымбекова Әлия Батырхановна. Сабақ барысы практикалық түрде өтті. Болашақ жас мамандар үшін бұл пәннің ықпалы өте зор. Бұның дәлелі – топтағы әрбір студенттің шығармашылық қабілетінің ашылуы.Біз, студенттер, сабақ түрлерінің ережелерімен қоса, өткізу барысын үйрендік және студенттер үшін 2 кейс материалдарын жинадық: бірінші кейс теориялық материалдар жиынтығы, 2 кейс практикалық жиынтығынан тұрады. Жас педагогтар үшін сабақ түрлерін өткізуді үйрену өте маңызды. Біз үйренген сабақ түрлері: сынып сағаты, конференция, ұжымдық-шығармашылық іс-әрекет, пікірталас, конкурс, ойын, ата-аналар жиналысы, т.б.2014-2015 оқу жылынан бастап «Тәрбие теориясы және әдістемесі » пәні бойынша емтихан шығармашылық түрде өткізілді. Студенттер ұжымы екі-екіден бөлініп, 15-20 минут шамасында өз тапсырмаларын ашуға атсалысты. Бұндай емтихан түрлері өте нәтижелі және қызықты.