ҚМПИ-да ашылған алғашқы «ЖАС САХНА» студенттер театры
- Подробности
- Опубликовано: 04 декабря 2014
Театр – бұл мәңгілік сезімге толы тұтас бір өмір. Махаббат пен өшпенділік, өмір мен өлім, сенім мен үміт. Сонымен қатар, студенттер үшін ол театр өнерінің сиқырлы күшіне жанасуға, түрлі кейіпкерлердің бейнесін сомдауға, шабыт беретін орын. Осыған орай, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында ағымдағы жылдың желтоқсан айының 4 күні студенттердің ұйымдастырылуымен алғаш «Жас сахна» театры ашылды. Театрдың көркемдік жетекшісі - педагогика кафедрасының аға оқытушы Абдиркенова Ақбидаш Қапанқызы. Тұңғыш қойылым қазақтың заңғар жазушысы Дулат Исабековтың, төл туындысы «Әпке» атты керемет драмасы мен ашылды.
«Жас сахна» театры бүгінде ҚМПИ- ға жаңа леп әкелгендей! Драма қойылып үлгірген бір сағат біз үшін де, ҚМПИ студенттері үшін де ұмытылмастай әсер қалдырды.
Театр көрерменнің тіпті түсінде көрмеген не армандамаған ойларының орындалатын орны», - депті неміс режиссері Петер Цадек. Айтқандай-ақ, театр құдды бір сиқырлы тіршілік. Кейде қуантады, кейде жылатады. Армандатады, сол арманға жету жолында күресуге жол көрсетеді. Театр өнердің ішіндегі құдіреттісі.Студенттердің осыны жүректерімен сезініп, қойылымда кейіпкерлер бейнесін дұрыс сомдап шыққаны көрермен көңілінен көрініп тұрды. Келген қонақтар қойылым соңынан үздіксіз, ұзақ уақыт қошемет көрсетіп, шапалақтан шашу шашты. Студенттердің өнерін тамашалауға басшылықтан келген қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының ғылыми жұмыс және шетелмен байланыс жөніндегі проректор Еркін Әбіл Аманжолұлы өз лебізін білдіріп, рахметін жаудырды. Сонымен қатар келген қонақтар ішінен Қостанай облыстық І.Омаров атындағы қазақ драма театрының беделді актері Иманов Қабдолмажит ағамыз өз тілегін білдіріп, «Менің төбемнен жай түскендей болды» деген сөздерімен қойылымның көңілінен шыққанын білдірді. Дайындық барысында Қостанай облыстық І.Омаров атындағы қазақ драма театрының бас режиссері, драматург, Қазақстанның халық әртісі Ерсайын Төлебай ағамыздың алдынан өттік. Ол кісінің берген шыбыты бізді жандандырып, күш-қуат беріп, театрға деген сүйіспеншілігімізді тудырды.Театр- сымбатты өнердің ішіндегі ең зор өнердің бірі! Бұл қазақ театрының негізін қалаушы, қазақтың заңғар жазушысы-Мұхтар Омарханұлының сөздері! Иә, расында да театр құдіретіне, оның қасиетіне тең келер өнер түрі кемде кем. Театр ол өмір айнасы!ҚМПИ тарихында алтын әріптермен жазылып сақталатын «Жас сахна» театрының алғашқы әртістері: Есбатыров Мереке- әкесі рөлінде, Бекмаханбет Индира- Қамажай рөлінде, Тасым Бағлан- Қабен рөлінде, Мұратбеков Алмас- Омар рөлінде, Оспанов Айдос- Тимур рөлінде, Бұхарбаева Гүлдана- Нәзила рөлінде, Шугубаев Жалғас- Ермек рөлінде, Нұрғазина Әсел- Кәмила рөлінде, Жайықова Меруерт- Гаухар рөлінде, Бейбітқызы Кәусар- Светлана (қазақша аты не очень удачный ат- Сұлухан) рөлінде, Әжіхан Еламан- Сұлтан рөлінде және жиында бишілер- Намиялы Жасұлан, Егембердиева Нұрсулу, Ертышпаев Ерлан! «Жас сахна» театрының музыкалық режиссері- Бергенова Перизат!Бұл студенттер бақытты студенттер! Өйткені тұңғыш театрдың тұңғыш әртістері деген бақ кез келгенге бұйыра бермейтін дүние! Сондықтан, «Жас сахна» театрының ұжымына келешекте сәттілік тілеп, қызықты қойылымдарымен бізді қуанта берсін демекпіз! Тек қана алға! «Жас сахна» театры!Театр- сымбатты өнердің ішіндегі ең зор өнердің бірі! Бұл қазақ театрының негізін қалаушы, қазақтың заңғар жазушысы-Мұхтар Омарханұлының сөздері! Иә, расында да театр құдіретіне, оның қасиетіне тең келер өнер түрі кемде кем. Театр ол өмір айнасы!ҚМПИ тарихында алтын әріптермен жазылып сақталатын «Жас сахна» театрының алғашқы әртістері: Есбатыров Мереке- әкесі рөлінде, Бекмаханбет Индира- Қамажай рөлінде, Тасым Бағлан- Қабен рөлінде, Мұратбеков Алмас- Омар рөлінде, Оспанов Айдос- Тимур рөлінде, Бұхарбаева Гүлдана- Нәзила рөлінде, Шугубаев Жалғас- Ермек рөлінде, Нұрғазина Әсел- Кәмила рөлінде, Жайықова Меруерт- Гаухар рөлінде, Бейбітқызы Кәусар- Светлана (қазақша аты не очень удачный ат- Сұлухан) рөлінде, Әжіхан Еламан- Сұлтан рөлінде және жиында бишілер- Намиялы Жасұлан, Егембердиева Нұрсулу, Ертышпаев Ерлан! «Жас сахна» театрының музыкалық режиссері- Бергенова Перизат!Бұл студенттер бақытты студенттер! Өйткені тұңғыш театрдың тұңғыш әртістері деген бақ кез келгенге бұйыра бермейтін дүние! Сондықтан, «Жас сахна» театрының ұжымына келешекте сәттілік тілеп, қызықты қойылымдарымен бізді қуанта берсін демекпіз! Тек қана алға! «Жас сахна» театры!