«Көзқарас» атты диалогтық алаңын өткізу бойынша есеп
- Подробности
- Опубликовано: 26 ноября 2014
2014 жылының 26 қарашасында мектепке дейінгі, бастауыш және арнайы білім беру каферасымен «Балабақшада жүргізілетін ата-аналармен жұмыс: этнопедагогикалық аспект» атты тақырыбында оқу-тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылып өткізілді.Іс-шара диалогтық алаң формасы түрінде әр түрлі көзқарастар позицияларында қарастырылып өткізілді: ата-аналар, педагогтар, балабақшалардың тәрбиешілері және «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығы бойынша білім алушы студенттер. Диалогтық алаңының ұйымдастырушылары: мектепке дейінгі, бастауыш және арнайы білім беру кафедрасының аға оқытушылары Бекмурзина Ж.М. және Богданова Т.В.Диалогтық алаңының жұмысына 50 адам қатысты: практикалық мамандар, ата-аналар қоғамының мүшелері, психология және педагогика факультетінің, мектепке дейінгі, бастауыш және арнайы білім беру кафедрасының оқытушылары мен студенттері. Қостанай қ. балабақшаларының тәрбиешілері баяндамаларын ұсынды, сонымен қатар студенттер өздерінің шағын зерттеулерінің қорытындыларымен таныстырып өтті.
Қатысушылардың баяндамаларында аса назар аударылған мәселелер:
- бала тұлғасын тәрбиелеуде этникалық аспектінің теориялық-методологиялық негіздері;
- балабақшалардағы көп ұлттық топтарда балаларды тәрбиеудегі туындайтын проблемалары;
- бала тәрбиесінде балабақша мен отбасының әрекеттесуі.
Іс-шара үлкен табысқа ие болып студенттердің қызығушылығын тудырды.