Жастардың кәсіби өзін-өзі анықтауына азаматтық жауапкершіліктің ықпалы»
- Подробности
- Опубликовано: 21 ноября 2014
2014 жылдың 20-21 қарашасында Рудный индустриалдық институтында студенттердің «Қазақстан жастарының инновациялық потенциалы: ынтымақтастық, белсенділік, азаматтық жауапкершілік» атты республикалық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының «Педагогика және психология» мамандығының 3 курс студенті Қосаман Айбек «Жастардың кәсіби өзін-өзі анықтауына азаматтық жауапкершіліктің ықпалы» атты мақаласымен қатынасты.
Конференцияны ұйымдастыру комитетінің шешімі бойынша Айбектің мақаласы жүлделі орынға ие болып, ол І деңгейдегі дипломмен марапатталды. Нәтижесінде, ҚМПИ ректоры Қ.М.Баймырзаевқа және студенттің ғылыми жетекшісі психология кафедрасының аға оқытушысы Б.Қ. Каироваға алғыс хаттар табыс етілді.