«Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы – ТЕҢГЕ»
- Подробности
- Опубликовано: 14 ноября 2014
2014 жылдың 14 қарашасында «Мектепке дейінгі, бастауыш және арнайы білім беру» кафедрасының «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу», «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» және «Дефектология» мамандықтары бойынша 1 курс студенттерімен «Қазақстан Республикасының Ұлттық валютасы – ТЕҢГЕ» тақырыбында кафедраның аға оқытушысы, п.ғ. магистрі Кушмурзина Даметкен Хажмухановна тәрбиелік іс шара ұйымдастырып өткізді. Бұл іс-шара Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – «Теңгенің» енгізілу тарихы туралы білімдерін нығайту, түсініктерін кеңейту және елін, жерін, халқын, оның тарихын құрметтеп, сүйіспеншілік таныта білуге, сонымен қатар елдің өткенін, бүгінгісі мен болашағын сыйлай білуге тәрбиелеу мақсатында танымдық әрекетте өтті.