"Отбасы - тәрбие бастауы"
- Подробности
- Опубликовано: 19 сентября 2014
2014 жылдың 19 қыркүйегінде психология және педагогика факультетінде 1 курс студенттерімен "Отбасы - тәрбие бастауы" атты тәрбие сағаты өтті.Қазіргі кезде отбасы тәрбиесі тек біздің қоғамда ғана емес бүкіл дүние жүзінде өзекті мәселелердің бірі болып табылады. Осыған байланысты Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Жастарға отбасында өнегелі тәрбие беру арқылы «Мәңгілік ел» болып қалу, ата-бабаларымыздың мұра етіп кеткен рухани құндылықтарын сақтап, оны келер ұрпаққа мұра ету» бүгінгі күннің талабы екенін баса айтқан. Өйткені, жас ұрпақ –ел болашағы. Студенттер аталмыш іс –шараға белсенді қатынасты.Студенттердің күшімен қойылған көріністер, отбасы мәселесіне арналған бейне роликтер, би, оқылған өлеңдер қатынасушыларға үлкен әсер етіп, ата –анасына, ата –әжесіне деген өздерінің қарым-қатынасын ой санасынан өткізуге ықпал етті деп ойлаймыз. Жалпы, алға қойылған мақсатымызға қол жетті, жүргізілген іс –шара басқа да студенттердің белседілігін арттыруға ықпал етеді деген үміттеміз.