Бүгінгі студент – ертеңгі маман

-Бүгінгі күнгі жоғары оқу орындарының басты міндеті – білікті мамандарды дайындау. Студенттің жоғары оқу орнындағы білім алу міндеттерінің бірі – алдағы мектептегі педагогикалық еңбек жолында басқа бір адамның дамуына негіз бола алатын білімділігі мен абыройлығының өз дәрежесінде болу керек екендігін түсіну. Себебі, бүгінгі студент – ертеңгі маман. Осыған орай, Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты, «Мектепке дейінгі, бастауыш және арнайы білім беру» кафедрасында оқу жоспарына сәйкес болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлау мақсатында мектептің бастауыш сыныптарында түрлі педагогикалық практикалар ұйымдастырылуда. Солардың бірі – «Өндірістік практика».

-2014 жылдың 20 қаңтары мен 01 наурызы аралығында «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша оқитын 4 курс студенттері өздерінің «Өндірістік практикаларын» Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 24 мектеп-гимназиясында (6 студент) және басқалары өздерінің тұрғылықты мекен-жайлары бойынша өтті. Онда студент-практиканттар бастауыш сыныптарға біреуден бөлінді. Олар өздерінің жоғары оқу орнында алған теориялық білімдерін іс-тәжірибеде толығымен қолдана да, көрсете де білді. Көптеген студенттер практика кезінде өздерін мұғалім ретінде сезінуге мүмкіндік алды, өз таңдауларының дұрыстығына көздері жетті, сабақ құрылымы туралы алғашқы түсініктері қалыптасты. Сондай-ақ, бастауыш сынып оқушыларымен қарым-қатынас жасау ерекшеліктеріне үйренді. Осы қарым-қатынастар балалардың көңіл-күйіне қалай әсер ететінін, өз еңбектерінің нәтижелігін зерделеуге талпындырды.
 

pr ppf 2014-1Мектеп мұғалімдері де студенттердің әдістемелік жағынан шыңдалуына зор үлестерін қосты. Өздерінің ақыл-кеңестерін беріп, оқушылармен қарым-қатынаста атқарылатын іс-әрекеттердің қыр-сырын үйретті. Әрбір сабақтары ашық сабақ іспеттес өтетін Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 24 мектеп-гимназиясының бастауыш сынып мұғалімдері Султанова Қ.С., Дуненбаева Б.К., Бикеева Б.М., Ертышпаева Ж.Ж., Серикбаева Р.Н., Галимова А.А., т.б. тәжірибелері мол, әдіскер мұғалімдердің еңбектерін атап айтқымыз келеді. Сонымен қатар, осы аталған мектеп-гимназияның директоры Каримова Сауле Елеусизовнаға және мұғалімдер ұжымына жоғары оқу орны мен мектептің өзара байланыста болуына ықпал етіп, болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби құзыреттіліктерін қалыптастыруға әдістемелік көмек көрсеткені үшін өз алғысымызды білдіреміз.
Студенттер де мектеп мұғалімдерінің педагогикалық шеберліктерін, озық тәжірибелерін меңгеруге деген үлкен ұмтылыс таныта білді. Сабақтарға жауапкершілікпен жан-жақты дайындалып, әдістемелік тұрғыда жақсы көрсеткіштерге жетіп отырды. Сонымен, практика қорытындысы бойынша «өте жақсы» деген бағада бағаланған студенттерді атап айтар болсақ, олар: Тулебаева Толқын, Жаулыбаева Рабиға, Қайранбаева Ақшырын, Даниярова Гульфайруз, Қорғамбекова Мөлдір.
Болашақ бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби қалыптасуына ықпал етіп, тәлім-тәрбие беріп жүрген кафедраның оқытушылар ұжымына Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 24 мектеп-гимназиясы және Оңтүстік Қазақстан облысы, Шардара ауданы, Көксу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Т.Айбергенов атындағы мектеп-гимназиясы өздерінің алғыстарын білдіріп, мынадай «Алғыс хаттар» табыс етті.
 
---

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз