Тұлғааралық қарым–қатынасқа арналған психологиялық тренинг

ppf-12.03.142014 жылдың 12 науырызында ҚМПИ студенттер жатақанасында психология кафедрасының оқытушылары : Кан Ж.И., Ташетов А. А., Тойымбетова Д.С., Калиниченко О.В., Жаркунгулова З.Д. және «Педагогика және психология» мамандығының қазақ және орыс бөлімдерінің 3 курс студенттері: Кульшанова Г., Нурманова А., Сейлханова А., Дутпаева С., Сейлханова А. және«Психология» мамандығының 2 курс студенттері Дощанова Л., Метельская Ж., Слипенко Р. қатысуларымен өткізілген тұлғааралық қарым–қатынасқа арналған психологиялық тренинг өткізілді.
Тренинг мақсаты ұжымшылдықты, басқа топтың мүшелерімен табысуды, жағымды эмоциялық фонды құру. Тренинг қатысушылары тренинг тобының негізгі ережелерімен таныстырылды.

Студенттерге мынадай жаттығуларда қатысу ұсынылды:
Жаттығу 1. «таныстырылым» - қатысушыларға 3 топқа бөліну ұсынылды: "европалықтар", "жапондар" және "африкалықтар", содан кейін әр қатысушы шеңбермен жүріп барлық ойыншылармен «өз тәсілмен» амандасуы тиіс. Жаттығудың психологиялық мағынасы: қатысушыларды тренинг жағдаятына кірістіру.
Жаттығу 2 . «жарнама» - қатысушылар 2 топқа бөлініп, минуттан кейін өз тобына жарнама жасауы тиіс. Жаттығудың психологиялық мағынасы: топтың жағымды қасиеттерін тану.
Жаттығу 3. «қызықты санамақ» - жүргізіші белгілі бір санды айтады, осы санға сай топ ішінен қатысушылар тұруы тиіс. Жаттығудың психологиялық мағынасы: топ бірлігін дамыту, сөзсіз түсінуді дамыту.
Жаттығу 4. «театр: бәрі қатысатын пьеса» - қатысушыларды 4 топқа бөліп, бірінші топ – сценаристер, екінші топ – режиссерлер, үшінші топ – актерлер, төртінше топ – критиктер. Бүкіл топ мүшелерінің міндеті – пьеса жазып оны ойнату. Жаттығудың психологиялық мағынасы :топтық шешім кезінде конфликтісіз шешім қабылдауды дамыту.
Жаттығу 5. «миссис Мамбл» қатысушылар өз көршілеріне тісін көрсетпей « кешіріңіз, сіз миссис Мамблды көрдіңіз бе?» деген сұрақ қояды. Оған көршісі « жоқ , көрмедім. Бірақ көршімнен сұрайын» деген жауап береді. Жаттығудың психологиялық мағынасы: жағымды эмоцианалды фонды құру және қатысушыларды ашу.
Жаттығу 6. «не істегенімізді тап» - қатысушылар белгілі бір іс – әрекетті көрсетеді, ал басқа қатысушы сол іс – әрекетті табуы тиіс. Жаттығудың психологиялық мағынасы: топты біріктіру .
Жаттығу 7. «имитатор» - қатысушыларға белгілі бір эмоциясы бар жануарлар жазыған парақшалар беріледі. Қатысаушылар сол жануарды бейнелеуіт керек. Жаттығудың психологиялық мағынасы: қатысушыларды эмоциялық жа,жағынан ашу.
Жаттығу 8. «психологиялық көмек» - қатысушыларға «мені мынау үшін жақсы көрмеуі мүмкін ....» сөйлемін аяқтау беріледі. Ал көршісі «бәрібір сен жақсысын, өйткені ......». Жаттығудың психологиялық мағынасы: қатысушылардың төмен өз бағалауын көтеру.
Жаттығу 9. «қоңырау» - қатысушылар бір – біріне тығыз тұрып, шеңбер жасайды. Бір қатысушы сол шеңбер ортасына тұрып, босаңсуы керек. ал басқалары оны тербетеді. Жаттығудың психологиялық мағынасы: топ мүшелеріне деген сенімділікті арттыру.
Жаттығу 10. «мен саған сыйлаймын» - қатысушылар бір – біріне алғыс айтып, бір – біріне жесттермен сыйлық сыйлайды. Жаттығудың психологиялық мағынасы: тренингті қорытындылау , жағымды эмоционалды фонда бекіту.
Тренинг жақсы әдістемелік кезеңде өтті. Студенттер тренингке қызығушылықпен, жағымды атмосферамен қатысты. Бұл шара топ ішінде сенімділікті, ашықтықты, ұжымшылдықты дамытуға ықпал етті.
 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Психология және педагогика факультеті Тұлғааралық қарым–қатынасқа арналған психологиялық тренинг