«Әрбір әйел бақытты болу үшін жаралған»
- Подробности
- Опубликовано: 06 марта 2014
6-наурыз күні психология және педагогика факультетінің 1,2-курс студенттері 8-наурыз халықаралық әйелдер мерекесі қарсаңында «Әрбір әйел бақытты болу үшін жаралған»атты керемет кеш өткізді. Кеште дарынды студенттер өнерлерін көрсетті. Кештің басын «Қыздар-ай» әнімен дефектология мамандығының 1-курс студенті Ерназаров Асылжан бастап берді.
Көркем сөз шеберлері «Ана», «Ұстаз» атты өлеңдер оқып,көрермендерді тебірентті.
Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі, дефектология, мектепке дейінгі оқыту әдістемесі мамандығының 1-курс студенттері би билеп,тәрбиелік мәні зор көрініс көрсетті. Педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі мамандығының 2-курс студенттері «Жас журналистер» болып ұстаздарға сұрақ қойып, ұстаздарға қуаныш сыйлады. Дефектология мамандығының 2-курс студенті Маханбет Айнұр ұстаздарға арнап өлең шығарып,көрермендерді тәнті етті. Психология және педагогика факультетінің студенттері, ұстаздарға естелікке презентация жасап тарту етті. Психология және педагогика,педагогика және бастауыш оқыту әдістемесі мамандығының 2-курс студенттері Шырынбек Арайлым, Хасенова Үміт «Әрбір әйел бақытты болу үшін жаралған» атты өлеңімен кешті аяқтады. Осы кеште студенттер бүкіл өнерлерін салып, жоғары белсенділікпен қатысып атсалысты.