Салауатты - өмір салты
- Подробности
- Опубликовано: 28 февраля 2014
28 ақпанда 2014 жылы Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының № 2 жатаханасында Психология және педагогика факультетінің студенттері «Салауатты- өмір салты» атты іс-шара өткізді. Бірінші сұрақтар қою арқылы студенттердің өз ойларымен бөлістік.
Іс-шараға студенттер белсенді қатысты. Осы іс-шарада салауатты өмір салты, нашақорлық-қоғамдық дерт, спорт-денсаулық кепілі, тамақтану гигенасы туралы мағұлматтар берілді. Нашақорлықтың зияны туралы және осының салдарынан көптеген адамдар жапа шегуі, жұқтырылған иммун- тапшылығы синдромғасыр індеті туралы презентация, видеолар көрсетілді.
Студенттер орындауында «Нашақорлық-қоғамдық дерт» атты көрініс қойылды. Көріністен көрермендер ерекше әсер алды.