Оқушылардың III Аймақтық ғылыми-конференциясы
- Подробности
- Опубликовано: 08 февраля 2014
2014 жылдың 08 ақпаны күні Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің физика-математикалық лицейінде «Қазақстанның индустриалды-инновациялық табысты дамуының кепілі – болашақ ұрпақтың зияткерлік әлуеті» атты оқушылардың III Аймақтық ғылыми-конференциясы өтті. Онда бірнеше пәндер бойынша 1-11 сынып оқушылары әр түрлі пәндерден өздерінің ғылыми жобаларын әділ-қазылар алдында қорғады. Осы пән секцияларында әділ-қазылар жұмысын ұйымдастырып және өткізуге Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының профессор-оқытушылар құрамы белсене қатысты.
Бұл конференцияға институттың «Мектепке дейінгі, бастауыш және арнайы білім беру» кафедрасының оқытушылары да өздерінің кәсіби шеберліктері мен шынайы қызығушылықтарын таныта білді. Олар: аға оқытушы Шевченко Г.В., аға оқытушы, п.ғ. магистрі Кушмурзина Д.Х., аға оқытушы Султанбекова Ж.Х., Мукалиева Б.Х., аға оқытушы, биология магистрі Алипбаева Г.А., аға оқытушы, педагогика және психология магистрі Богданова Т.В., оқытушы, педагогика және психология магистрі Кузьменко Ю.П.
Пән секцияларының бірі «Дүниетану» секциясының қазақ бөлімінің жұмысына әділ-қазылық жасаған кафедраның аға оқытушылары Султанбекова Ж.Х., Мукалиева Б.Х., п.ғ. магистрі Кушмурзина Д.Х., Секцияда барлығы обылыс бойынша мектептерден 1-4 сынып оқушыларының 14 ғылыми жұмысы тыңдалды. Жалпы зерттеу жұмыстарының тақырыптары оқушының жас ерекшелігіне сай іріктелген. Негізінен жұмыста ұсынылған мәліметтер өте тартымды, мазмұнды, әрі осы мәліметтерді іріктеп жинақтауда оқушының үлкен жауапкершілік танытқаны байқалады. Міне, осындай іс-шараларға оқушыны 1-сыныптан бастап баулу – болашақ ұрпақтың зияткерлік әлуетін шыңдай түседі.