«Он-лайн» жүйесінде өткен семинар
- Подробности
- Опубликовано: 05 февраля 2014
2014 жылдың 04 ақпаны күні «Мектепке дейінгі, бастауыш және арнайы білім беру» кафедрасы мен ғылыми-зерттеу орталығы Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 20 орта мектебі және Қостанай ауданы әкімдігінің білім бөлімінің Мичурин орта мектебімен бірге үздіксіз білім беру мәселесі бойынша «12 жылдық білім беруге көшу жағдайындағы оқушыларды оқыту мен тәрбиелеу процесін психологиялық-педагогикалық қолдау» тақырыбында он-лайн семинар ұйымдастырып өткізді. Оған институттың профессор-оқытушылық құрамы мен студенттер қауымы қатысты.
Семинарда көтерілген мәселені жан-жақты талқылап, түсіндіру үшін «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамының филиалы Қостанай облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының инновациялық дамуды әдістемелік қамтамасыз ету бөлімінің бастығы Набатникова Татьяна Ивановна шақырылып, «12 жылдық білім беру: дайындық мәселелері» тақырыбында баяндама жасады. Семинар барысында 12 жылдық білім беруге көшу жағдайындағы мәселелер мен болашағы туралы өзекті мәселелер талқыланды.