«Бастауыш мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жолдары»
- Подробности
- Опубликовано: 05 февраля 2014
Педагогика кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к., доцент Өтегенова Бибігүл Мазановна Қостанай қаласының № 24 «А» бастауыш мектебінің директоры Каримова Сауле Елеусизовнамен бірге 2014 жылдың 5 ақпанында «Бастауыш мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту жолдары» тақырыбында ғылыми-практикалық конференция ұйымдастырып өткізді. Конференцияға институттың мектепке дейінгі, бастауыш және арнайы білім беру кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ. магистрі Кушмурзина Даметкен Хажмухановна, Қостанай педагогикалық колледжінің оқытушысы Бейсенбаева Гүлім Ғайнибекқызы және аталған мектептің ұстаздар қауымы қатысты.Конференцияда талқыланған мәселе Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2012 жылдың 27 қаңтарындағы «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы. Онда «Мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту бойынша бес жылдық ұлттық жоспарды қабылдау жөнінде нақты міндет қойды. Білім беруді жаңарту, оқушылардың алған білімдерін қолдана алу дағдыларын жетілдіру, олардың функционалдық сауаттылығын қалыптастыру қазіргі таңда өзекті мәселе. Функционалдық сауаттылық – адамның сыртқы ортамен қарым-қатынасқа түсе алу қабілеті және сол ортаға барынша тез бейімделе алуы мен қарым-қатынас жасай алу деңгейінің көрсеткіші.
Жалпы ғылыми-практикалық конференция өте тартымды өтті. Бибігүл Мазановна функционалдық сауаттылық ұғымын жан-жақты талдап, оның оқу-тәрбие үрдісінде оқушының жан-жақты дамуы үшін атқарылуы қажет іс-әрекеттерді нақты атап, оны жүзеге асырудағы міндеттер туралы ақыл-кеңесін берді. Мектеп мұғалімдері де өздерінің сабақтарында бұл мәселенің қалай іске асырылып жатқандығы жайында өз іс-тәжірибелерімен алмасты