Студенттермен курстық жиналыс

04.02.132014 жылдың 4 ақпанында психология және педагогикалық факультетінде студенттермен курстық жиналыс өтті. Бірінші сұрақ бойынша ҚМПИ ақпараттық насихаттау тобы Жусупбекова Г.Е. және Шегенова Ж.Н. Президент Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауына түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Г.Е. Жусупбековамен кездесу барысында Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы жолдауының негізгі мәселелері қарастырылды.
Екінші сұрақ бойынша эдвайзердің жұмысы, студенттердің сабаққа қатысуы мен үлгерімі жөнінде факультет деканы Айдналиева Н.А. тыңдалды. Жиналыста қысқы сессияның қорытындысы мен емтихан тапсырған кезде туындаған мәселелер талқыланды.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз