«Педагогикалық шеберліктің басты шарты. Педагогикалық эрудиция мен құзіреттілік»
- Подробности
- Опубликовано: 12 декабря 2013
2013 жылдың 12 желтоқсанында «Мектепке дейінгі, бастауыш және арнайы білім беру» кафедрасының «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша 2 курс студенттерімен «Педагогикалық шеберлік» пәнінен кафедраның аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Кушмурзина Даметкен Хажмухановна «Педагогикалық шеберліктің басты шарты. Педагогикалық эрудиция мен құзіреттілік» тақырыбында дәріс сабағынан ашық сабақ өткізді.
Сабақ студенттерге педагогтың жалпы мәдениеттілігі туралы білімдерін кеңейте отырып, эрудиция және құзыреттілік туралы түсінік беру және құзыреттіліктің түрлерін игеруге, ол құзыреттіліктердің кәсіби деңгейде қалыптасуына жағдай жасау мақсатында өтті. Сабақтың тақырыбына байланысты сабақ презентациясы қолданылды. Студенттер сабаққа белсене араласты. Студенттерге жаңа ұғымдарды бекіту мақсатында түрлі сұрақтар қойылып, студенттердің өзіндік ой-пікірлері тыңдалды. Сабақты қорытындылау мақсатында «Педагогикалық жағдаят» берілді. Студенттер ол жағдаятты қызу талқылады, жан-жақты мысалдар келтіре отырып, ол жағдаяттың шешуін оңды таба білді. Оқытушымен кері байланыс жақсы байқалды. Сабақ өз мақсатына толығымен жетті.