«Менің тұңғыш Президентім» атты тәрбие сағаты
- Подробности
- Опубликовано: 28 ноября 2013
Тәрбие сағаты 28 қараша 2013 жылы өткізілді. Бұл мерекелік іс-шара «Педагогика және психология» мамандығында оқитын 4 курс қазақ бөлімінің студенттері мен куратор Каирова Б.К. ұйымдастыруымен жүргізілді. Тәрбие сағатына Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының психология және педагогика факультетінің 1 және 3 курс студенттері, факультет деканы Айдналиева Н.А., деканның орынбасары Кузинева Е.Г., психология кафедрасының меңгерушісі Смаглий Т.И., факультет мұғалімдері Демисенова Ш.С., Тойымбетова Д.С., Калиниченко О.В., Жаркунгулова З.Д.т.б. қатысты.
Тәрбие сағатының мақсаты
- ҚР –ның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып-өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру;
- Елбасының өмір жолынан үлгі ала отырып Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу;
- Студенттердің жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін ояту, құрметтеу.
Студенттер мен мұғалімдерге ел тарихында алғашқы рет күнтізбеге демалыс күн ретінде енетін айтулы мейрамның мәні мен мазмұны Елбасымыздың тәуелсіз Қазақстанның өнеркәсібі өркендеген, өзін өзге елдерге іргелі мемлекет қалпында таныта білген Президентіміздің ролі презентациялар, видеобейнелермен баяндалды.
Елбасымыздың өмірбаяны, еңбек жолы, тұңғыш президентіміздің жарлығымен бекітілген Қазақстан республикасының мемелекеттік мерекелері мен елдігін танытатын рәміздері туралы студенттермен викториналар ұйымдастырылды.
Нұрсұлтан Әбішұлының шығармашылық еңбектеріне тоқталынып, жазған әндері орындалды. Осы топта оқитын Дауренбеков Қуаныш «Жаса қазағым!», «Өз елім» әндерін орындаса, Тасмұхамбетова Мадина «Тұңғыш президентке арнау» атты өлең шумақтарын оқыды.
Жалпы, тәрбиелік сағат үлкен патриоттық сезімде өзінің көздеген мақсатына қол жеткізіп, өз деңгейінде жоғары дәрежеде өткізілді.
Осындай отансүйіспеншілікке, елжандылыққа, адамгершілікке тәрбиелейтін іс-шаралар әрі қарай өз жалғасын табуда.