«Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі»
- Подробности
- Опубликовано: 22 апреля 2013
2013 жылдың 5 сәуірінен 20 сәуірі аралығында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты, психология және педагогика факультетінің мектепке дейінгі, бастауыш және арнайы білім беру кафедрасында «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша болашақ мамандарды даярлауға бағытталған «Бастауыш мектептегі сабақтардың мультимедиялық жабдықталуы» тақырыбындағы студенттік жұмыстардың дистанциондық сайысы өтті.
Бұл сайыс «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша бакалаврларды даярлаудың сапасын жетілдіру, болашақ бастауыш сынып мұғалімінің тұлғалық шығармашылық мүмкіндігінің белсенділігін және студенттің таңдап алған мамандығына деген қызығушылығын арттыру, дарынды жастарды анықтау мақсатында болды.
Сайыс қорытындысы бойынша келесі жүлделі орындар тағайындалды:
Қазақ бөлімі:
1 орын
- Тулебаева Толқын Ермековна, Қостанай қ. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының III курс студенті
2 орын
- Қуанышова Гүлжайна Бердибековна,Арқалық қ. Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының IV курс студенті
- Сұлтанқызы Ләззат, Арқалық қ. Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының III курс студенті
3 место
- Қайранбаева Ақшырын Шағанбайқызы, Қостанай қ. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының III курс студенті
- Таскумбаева Рыскуль Кайратовна, Қостанай қ. Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының III курс студенті
Сайысқа қатысқан студенттер мен ғылыми-әдістемелік жетекшілеріне аталған сайысқа қатысқандары үшін алғысымызды білдіреміз.