Жастар шығармашылық фестивалі

14.09.2012Психология және педагогикалық факультетінде жастар шығармашылық фестивалі басталды. Фестиваль бірнеше кезеңдерден тұрады, әр қайсының өзінің ноинациялары бар. Фестивальдің бірінші кезеңі «Ән байқауы» 2012 жылдың 14 қыркүйегінде өтті. Оған факултеттің ниеттенген барлық курстарының студенттері қатысты. Байқауда әр түрлі жанрдағы, қазақша, орысша және ағылшынша әндер шырқалды. Қатысушылар өз өнерлерін жан-жақты таныта білді, олардың бағасын қара қылды қақ жарған қазылар алқасы саралады. Әділ қазылар алқасының бір ауыздан шыққан шешімімен «Дефекталогия» мамандығының 3 курс студенттерінің «Желтые ботинки» әні, жеке орындаушы Анна Поспелова және «Педагогика және бастауыш оқу әдістемесі» мамандығының 1 курс студенті Гүлжазира Бимурзаеваның шырқаған әндері ең үздік деп танылды. Фестивальға қатысушылар да, өнер сүйер көрермен де байқаудан естен кетпес әсер алып, көтеріңкі көңілде қайтты. Сөзсіз аталған іс-шара жағары деңгейде өтті. !

 

14.09.2012

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз