«Студенттер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу» туралы дөңгелек үстел
- Подробности
- Опубликовано: 24 февраля 2012
Психология және педагогикалық факультетінде «мектепке дейінгі, бастауыш және арнайы білім беру кафедрасының» ұстаздары С.И. Круглов, О.В. Казакова және «психология кафедрасының» ұстазы Н.А. Гавришевалардың атсалысуымен «Студенттер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Айтылған іс-шараға 1-3 курст студенттері тартылды.
- Құқықты сауатты тұлға тәрбиелеу;
- Заңды құрметтеу, оны сақтау; басқа адамдардың құқығын бұзбау;
- Әкімшілік, азаматтық және қылмыстық жауапкершілікті қалыптастыру;
- Әр түрлі өмірдегі жағдайларда құқықтық жағынан дұрыс іс әрекетке бейімдеу;
- Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы студенттер ойын айқындайтын әлеуметтік ролик жобасын құрастыру.
Дөңгелек үстелбарысында негізгі 2 сұрақ бойынша әңгіме өрбіді: студенттер арасында құқық бұзушылықтың шығуы және оны шешу жолдары. Аталған тақырыпта студенттер тек оны талқылап қана қойған жоқ, сондай-ақ, оларға салауатты өмір салтын қалыптастыру орталағы әзірлеген әлеуметтік ролик көрсетілді.
Бұл іс-шара өзінше бір жоғары деңгейде өтті. Дөңгелек үстелге қатысушылар берілген тақырыпта қызу пікір талас жүргізді. Заңға қайшы әрекеттердің шығуы оның алдын алу, болдырмау тұрғысында өз ойларын ортаға салып, кейбірі тіпті өз өмірлерінде кездескен сәттерін айтып, тығырықтан шығу жолдарын іздеді. Студенттердің барлығы дерлік талқыланған тақырыпқа қатысты үндемей қалмады. Сондықтанда болар, мәжілістің алдына қойылған мақсат міндеттер толығымен іске асты.
Дөңгелек үстел қорытындысында жастар келісе келіп, алдағы күндердің бірінде студенттерарасында құқық бұзушылықтың алдын алу тақырыбында әлеуметтік роликтер байқауын өткізу керек деген шешімге келді.