«Мектептегі инновациялық үрдістер бағытында педагогтардың кәсіби дамуының проблемалары мен перспективалары» on-line семинар
- Подробности
- Опубликовано: 05 апреля 2017
5 сәуір 2017 жылы Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының педагоггика кафедрасының жетекшілігімен «Мектептегі инновациялық үрдістер бағытында педагогтардың кәсіби дамуының проблемалары мен перспективалары» атты on-line семинар өткізілді. Бұл семинарды Қостанай облысының білім беруді Басқару, «Педагогикалық шеберлік орталық» филиалымен бірігіп өткіздік.
Оn-lineсеминарда көптеген өзекті мәселелер қарастырылды. Соның ішінде педагогты әдістемелік жағынан қолдау жұмысын жаңғырту, білім беру мекемелердегі дамытушылық ортаны қалыптастыру, зерттеушілік практиканың мұғалімдердің кәсіби білілктілігін жетілдірудегі орны, курстан кейін инновациялық қызметтерді дамыту жолдары, қолдау көрсету сияқты тақырыптары бойынша қызықты ақапараттармен алмасу болды.
Үлкен жиналыста ҚМПИ ғалымдары сөйледі, сонымен қатар шақырылған білім беру саласындағы қызметкерлер, мектеп директорлары және мұғалімдер осы бағыттағы тақырыптар бойынша баяндамаларымен таныстырды (Қостанай қ., Лисаковск, Рудный, Арқалык) .
Оn-lineсеминарға тіркелген 80 мектеп болды. Семинардың нәтижесінде Ұсыныстар жасалынып талқыланды.