«Жас сахна» студенттер театры сахнада...

«Педагогика» кафедрасы апталығында көптеген іс-шаралармен қатар, педагогика кафедрасының аға оқытушысы Абдиркенова Ақбидаш Қапанқызының ұйымдастыруымен, институтымыздың «Жас сахна» студенттер театры өз өнерін көрермен назарына ұсынды.

 «Жас сахна» студенттер театры ақын, драматург, біршама поэзиялық, прозалық кітаптардың авторы Ақылбек Шаяхметовтың «Ыбырайдың өсиеті» драмасын сахналады. Спектакльде ұлы ағартушы Ы.Алтынсариннің қазақ мектебін ашудағы қисынды тарихи өмірі мен қазақ баласының көзін ашу мақсатындағы іс-әрекеті сомдалып,  көрерменнің рухын көтеріп, білімге деген сүйіспеншілікке үндеді.

Сахнада «Педагогика және психология», «Тарих және өнер», «Жаратылыстану-математика», факультеттерінің студенттері өнерлерін көрсетті.

 Қонақтар қатарында қойылымның авторы Ақылбек Шаяхметов, Қостанай облысы І.Омаров атындағы қазақ-драма театрының актері Қабдол-Мәжит Иманов сынды актерлер мен институтымыздың оқытушылары мен студенттер болды.

2017.04.07

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз