«Менің әдістемелік сандықшам» атты әдістемелік идеялар жәрмеңкесі
- Подробности
- Опубликовано: 26 апреля 2017
Студенттердің болашақ маман ретінде қазіргі білім беру жүйесінде қолданылатын оқыту мен оқудың жаңа әдіс-тәсілдері мен педагогикалық технологиялары туралы өздерінің іс-тәжірибелерімен алмасу, сонымен қатар студенттердің кәсіби шеберліктерін көтеру, шығармашылық әлеуеттерін дамыту және оқыту үрдісін ұйымдастырудағы әдістемелік біліктіліктерін қалыптастыру мақсатында 2017 жылдың 26 сәуірінде «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасы апталығының бағдарламасы негізінде «Менің әдістемелік сандықшам» атты әдістемелік идеялар жәрмеңкесі өткізілді. Оған «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» және «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандықтарының 2-3 курс студенттері қатысты. Бұл іс-шараны кафедраның аға оқытушылары, әдіскерлер Кушмурзина Д.Х., Хасенова Ж.О. ұйымдастырып өткізді.
Әдістемелік жәрмеңкеде мектеп жасына дейінгі балалар мен бастауыш сынып оқушыларының жалпы танымдық үрдістерін, яғни қиялын, елесін, ойын дамыту мақсатында сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер мен белгілі бір тапсырмаларды орындатудың әдістемесі қарастырылды.