«Бастауыш мектепте критериалды бағалау әдістемесі пәнін оқытудың маңыздылығы»

2017 жылдың 5 желтоқсанында «Бастауыш мектепте критериалды бағалау әдістемесі пәнін оқытудың маңыздылығы» тақырыбында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты, Қазақ Мемлекеттік педагогикалық университеті,Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті қатысумен онлайн режимінде республикалық семинар өтті. Онлайн семинарға Оқу-әдістемелік басқарманың бастығы Э.К.Наурызбаева, психология-педагогика факультетінің деканы Н.А.Айдналиева, оқытушылар, студенттер қатысты.

Н.А.Айдналиева «Бастауыш мектепте критериалды бағалаудың маңыздылығы» - атты баяндамасында «Орта білім берудің құндылықтары «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясының құндылықтарына негізделген. Кез келген іс-әрекеттің басында отбасы тұратыны бәрімізге мәлім. Әр ұстаз оқушының ата-аналарымен тығыз байланыста болып, әр отбасымен байланыс орнатуға тырысады. Себебі, әр білім алушының қызығушылығы, қабілеті, дарындылығы, таланты отбасынан басталады. Егер мұғалім-оқушы-ата-ана бірлесіп жұмыс жасаса кез келген мақсатқа қол жеткізіп,өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау құндылығын қалыптастыратыны анық.

Сондықтан да, болашақ бастауыш сынып мұғалімдерін даярлауда ата-анамен жұмыс жасай білуді басты назарға алудамыз. Оған көмектесетін пәндер педагогика, психология, әлеуметтік педагогика, тәрбие жұмыстарының әдістемесі. Айтайын дегенім, оқушы мен ата-ананың санасына жаңартылған білім берудің талабы оқушы баға үшін емес,білім үшін оқиды деген түсінікті жеткізетіндей деңгейдегі мұғалімді даярлау қажет. Критерийлік бағалау бұл білім берудің мақсаты мен мазмұнына негізделген оқушының оқу-танымдық құзырлығын қалыптастыруда алдын – ала белгіленген жетістіктерімен салыстыру үдерісі, яғни белгілі бір критерийлер арқылы бағалау.

Бұл жағдайда өзін-өзі бағалауға баса назар аударылады. Критерий арқылы бағалау мұғалімдерге сапалы нәтиже алуды қамтамасыз ететін критерийлерді құруға,өз жұмысын талдау және жоспарлау үшін ақпарат алуға,оқу үдерісінің сапасын жақсартуға, әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың траекториясын құруға мүмкіндік береді. Қалыптастырушы бағалау-оқушының өз оқуын жақсарту туралы кері байланысты беру мақсатында үздіксіз жүргізілсе,жиынтық бағалау-оқу бағдарламасының мазмұнын меңгеру деңгейін балл түрінде бағалау үшін жүргізіледі.

Қорыта айтқанда, жаңартылған білім бағдарламасының мәні-баланың функцияналдық сауаттылығын қалыптастыру. Оқушының мектепте алған білімін өмірде қолдана білуге баулу. Оқушыны жаңартылған білім беру бағдарламасымен оқытатын ол біздің болашақ бастауыш мектеп мұғалімдері. Ол үшін ең алдымен біз студенттен бастағанымыз жөн. Сондықтан да болашақ мұғалім алған білімін өмірлік тәжірибеде қолданана білу маңызды, Студенттерді осылай жаңартылған білім беру жүйесіне даярлау біздің басты міндетіміз»- деді. Онлайн семинарға оқытушылар және студенттер белсенді ат салысты.

Сонымен қатар, Қазақ Мемлекеттік педагогикалық университеті студенттерімен жүргізілген сабақтың талдауы жасалды. Онлайн семинар соңында педагогикалық шеберлік орталығының Алматы филиалының менеджері, эксперт Ә. Д.Рысқылбекова онлайн семинар талдауын жасай отырып, іс-шараның жақсы деңгейде өткенін атап өтті.

05-12-2017

05-12-2017

05-12-2017

05-12-2017

05-12-2017

05-12-2017

05-12-2017

05-12-2017

05-12-2017

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Психология және педагогика факультеті «Бастауыш мектепте критериалды бағалау әдістемесі пәнін оқытудың маңыздылығы»