Педагогикалық жоғары оқу орындары мен мектеп арасындағы әлеуметтік серіктестік шеңберіндегі өзара ынтымақтастық
- Подробности
- Опубликовано: 05 декабря 2017
2017 жылдың 5 желтоқсанында КМПИ педагогика кафедрасы Қостанай қаласындағы №1 мектеп-лицейімен бірлесе «Педагогикалық жоғары оқу орындарымен мектеп арасындағы әлеуметтік серіктестік шеңберіндегі өзара ынтымақтастық» атты халықаралық онлайн-семинар өткізді. Семинардың мақсаты:түрлі ұйымдардың озық тәжірибе алмасу мақсатында кешенді әрекеттесу бағдарламасында білім беру тәсілдерін интеграциялау,сабақ беруде, оқытуда, бағалауда және түпкілікті нәтижелерге қол жеткізуде инновациялық процестерді ұғыну.
Білім берудегі инновацияларды жүзеге асырудағы ынтымақтастықпен өзара байыту тақырыбы семинардың негізгі мазмұны болды.Онлайн-семинардың модераторы: Утегенова Б.М., педагогика кафердасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент. Семинар қатысушылары: Қостанай қаласындағы ЖМ «Қостанай педагогикалық шеберлік орталық» филиалының қызметкерлері; Қостанай облысының мектеп мұғалімдері; институт әдіскерлері, ҚМПИ оқытушылары мен студенттері.
Семинарда келесі мәселелер талқыланды:
- Кәсіптік-педагогикалық қоғамдастықтағы өзара әрекеттесу және ынтымақтастық: «Мектеп пен педагогикалық институттың өзара әрекеттесуіндегі ғылыми-әдістемелік консалтинг» атты Б.М. Утегенованыңпрезентациясымен сөз сөйлеуі,№1 мектеп-лицей директоры С.С.Шарипованың «Инновацияларды дамытудағы мектеп пен педагогикалық институт арасындағы ынтымақтастық тәжірибесі » тақырыбындағы баяндамасы.
- Жаңартылған мазмұнды мектепті бағалау:1-ші дәрежелі, сертификатталған оқытушы Л.Г. Остапенконың «Қазақ мектебіндегі жаңартылған білім мазмұнын бағалау» атты тақырыбындағы сөзі, 1-ші дәрежелі, сертификатталған мұғалім, Қостанай қаласының № 1 мектеп-лицейінің «Шапағат» даму тобының өкілі Т.Н. Зимовецтің «Заманауи мектепте сабақ барысында тапсырмаларды бағалау тәжірибесі» тақырыбымен сөз сөйлеуі, ҚМПИ педагогика кафедрасындағы Ы. Алтынсарин орталығының жетекшісі,педагогикалық ғылымдарының кандидаты Г.У. Карпыкованың «Оқу процесінде оқушылардың субъекттік белсенділігін дамытуда критериалды бағалау жүйесінің мүмкіндіктері» тақырыбындағы сөзі.
- Мектеп пен педагогикалық жоғары оқу орындардың инновациялық процестерді қолдау жүйесі. Қостанай қаласындағы педагогикалық шеберлік Орталығының аға менеджері Б.К.Ардабаеваның«Критерийлік бағалау жүйесін жүзеге асырудағы мұғалімдерге қолдау көрсету тәсілдері» тақырыбындағы сөзі, ҚМПИ академиялық бағдарламалар кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент О.М.Чернявскаяның «Модульдік білім беру бағдарламаларының жұмыс берушілердің өтініштеріне сәйкестігі» тақырыбындағы сөзі.
Халықаралық on-line семинар қатысушылары, педагогикалық жоғары оқу орындар мен мектеп арасындағы әлеуметтік әріптестіктің жаңа контентті анықтау мақсатында,жергілікті білім басқару органдарын, педагогикалық жоғары оқу орындарын, педагогикалық шеберлік орталықтарын, мектептер мен жеке мұғалімдерді, білім мазмұнын сапалы жаңартумәселелерін кешенді шешуге тартып, бірлескен талқылау және тәжірибе алмасу нәтижелері бойынша келесі ұсыныстар қабылданды:
- ХХІ ғасырдағы мектепте талап етілетін болашақ мұғалімдерді дайындау үшін потенциалды жұмыс берушілердің білім беру қызметтеріне сұранысын зерделеу;
- мектептегі білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында өзекті ғылыми-әдістемелік қызметтерді қоса алғанда, сапалы кеңес беру қызметтерін ұсыну;
- Ресейдің Калининград облысындағы МБЖМ ЖОМ «Болашақ мектебінің» жаңа педагогикалық технологияларды әзірлеу, білім берудің нысандары мен әдістерін және құралдарымен, ынтымақтастық туралы келісім шең берінде облыстық мектептердің мұғалімдеріне арналған курстық жұмыстың тәжірибелік – бағытталған мазмұнын одан әрі жетілдіру үшін инновациялық білім беру бағдарламаларымен танысу;
- инновациялық мектептермен бірлескен онлайн-семинарлар өткізу және ресейлік инновациялық мектептерге кіру тәжірибесін жалғастыру.