Ғылым негізі тәжірибемен ұштасады
- Подробности
- Опубликовано: 08 декабря 2017
Жоғары білім беру жүйесіндегі студенттер білім беру үрдісінде оқу-педагогикалық тәжірибеден өтеді. Әрине, табысты білім алудың нәтижесінде, соның ішінде мектептегі тәжірибе, студенттерде кәсіби және жалпы құзыреттіліктер жиынтығы қалыптасады.
Белгілі бір тәжірибесі жоқ жақсы мұғалім болу мүмкін емес екенін бәрі біледі. Студенттердің таңдаған мамандығы бойынша білім алулары және педагогикалық практика барысында алған тәжірибесі болашаққа бағдарланатын нық қадам болып табылады. Қостанай қаласының мектептерінде тәжірибе 1 семестрде өтті. Негізгі мақсат - студенттер арасында бастапқы педагогикалық дағдыларды қалыптастыру.
Практиканың міндеттері:
- Тәжірибе барысында студенттердің практикалық дағдыларының тиімділігін бағалау.
- Студенттердің бастапқы педагогикалық дағдыларын пән оқытушысы мен сынып жетекшісімен бірге қалыптастыру.
- Педагогикалық мамандықтың ерекшеліктері мен негізгі бағыттары туралы студенттердің білімдерін нығайту және кеңейту.
Мұғалімдерді даярлаудағы алғашқы оқу жылы бастапқы педагогикалық дағдыларды қалыптастыруға мүмкіндік береді, мұғалімнің педагогикалық жұмысын және сынып жетекшіні бақылау негізінде қалыптастыруға мүмкіндік береді.
2017 жылдың 8 желтоқсанында педагогика кафедрасының оқытушылары Қалиев Д.Д, Хамзина К.Б, Ермаганбетова А.Ж ҚМПИ-ның 1-курс студенттері арасында «Ғылым негізі тәжірибемен ұштасады» ұранымен оқу-педагогикалық практика бойынша қорытынды конференция ұйымдастырды. Конференцияға педагогика кафедрасының оқытушылары, тәжірибе және жұмысқа орналастыру бөлімінің меңгерушісі Г.И. Данильченко, оқу бағдарламалары бөлімінің меңгерушісі Чернявская О.М. қатысты.
Сондай-ақ дәстүр бойынша практикадан өткен соң, студенттер өз әсерлерімен бөлісті және педагогикалық қызметтің алғашқы қадамдарын қысқаша баяндап берді.
Дәрменбаева Гүлназ, филология факультеті «Қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 1-курс студенті (№2 мектеп)
«Тәжірибеден жақсы әсер алдым. Мұғалімдермен, сынып жетекшісімен тығыз қарым-қатынас жасау арқылы өзіме мол тәжірибе жинақтадым. Практика барысында сынып жетекшінің құжаттарымен жан-жақты танысып, мектеп өмірінің жаңа қырдан таныдым.Мен сабақтарына қатысқан мұғалімдердің кәсіби деңгейін және педагогикалық шеберлігін жоғары деңгейде атап өткім келеді. Балалармен жұмыс істеу әдістері, сабақ берудегі шеберліктері, құжаттарды жүргізулерін жоғары деңгейде екенін бақыладым.Қысқаша айтқанда, мен практиканы сәтті өтті деп айтқым келеді. Мектеп мұғалімдерінің арасындағы достық атмосфераның арқасында мен өзімді еркін сезініп, білім беру процесіне қосылдым. Болашақта оқушылармен кез-келген жұмысын ұйымдастырудағы мотивациялық компонентке көбірек назар аударуым керек».
Айсина Айдана, жаратылыстану-математика факультеті «Биология» мамандығының 1-курс студенті (№9 мектеп)
«Тәжірибе барысында мен өзімнің болашақ мұғалім ретінде сезіндім. Мен сынып жетекшісінің төмендегідей дағдыларын өзіме түртіп алдым: топпен жалпы қолайлы психологиялық климатты қалыптастыру; оқушыларға коммуникативті дағдыларды дамытуға көмектесу; оқушыларды тәрбиелеу деңгейін талдау және талдауды үйрену, сондай-ақ оқушы ұжымының дамуына мотивация беру.
Бұл тәжірибе болашақ мұғалімдер ретінде біз үшін өте пайдалы, ол кәсіби құзыреттіліктерімізді дамытуға ықпал етеді».
Сартаев Рауан, әлеуметтік-гуманитарлық факультеті «Тарих» мамандығының 1-курс студенті (Ы.Алтынсарин атындағы дарынды балаларға арналған мектеп-интернаты )
«Мектеп әкімшілігі және педагогикалық ұжым бізді жылы қарсы алды. Пән мұғалідері мен сынып жетекшілер сабақтан тыс іс-шараларды дайындауға барлық мүмкіндікті берді, оқушылар ң ұжымының психологиялық зерттеулерін жүргізуге көмектесті.Тәжірибеден өту барысында мектеп ұжымы сыныптан тыс жұмыс барысында жаңаша әдіс-тәсілдерді қолдануға, сыныптан тыс іс-шаралардың формаларын дұрыс жүргізуге бағыттап отырды.»
Конференция барысында практикаға арналған фотокөрме мен үздік студенттік жұмыстардың көрмесі ұйымдастырылды. Конференция қорытындысын педагогика кафедрасының меңгерушісі Б.Өтегенова қорытындылады.
Жақсы педагог болу үшін студент өз мамандығын жақсы көруі керек.Өз істеген істерін жақсы көретін адам кез-келген қызметте жақсы нәтижелерге қол жеткізе алады.
Оқу-педагогикалық тәжірибе білім берудің маңызды кезеңдерінің бірі болып табылады, егер оның маңыздылығын түсініп, оны жауапкершілікпен қарайтын болса, онда студент өз болашағына сенімді бола алатын маман бола алады!