Ұлы ағаратушы, ұстаз – Ыбырай Алтынсарин

2017 жылдың 9 желтоқсаны күні «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру кафедрасының аға оқытушысы, п.ғ. магистрі Кушмурзина Даметкен Хажмухановна «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» және «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандықтары бойынша 1 курс студенттерінің кураторы ретінде «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 3 курс студенттерімен (Әбілғазы Гүлсім, Жандосова Арайлым және Үкібай Ақтоты) бірге «Ұлы ағаратушы, ұстаз – Ыбырай Алтынсарин» атты кураторлық сағат ұйымдастырып өткізді.

Онда «Дегдар – Ыбырай Алтынсарин» атты бейнетаспадан Ыбырайдың өмірі, еңбек жолы туралы және«Ұлт мектебінің іргесін қалаған баба балаларға сабақты қызықты, әрі түсінікті етіп берді. Діни мектепте сабақ алған балалар бір жылда әзер хат таныса, Ыбырайдың оқушылары небәрі 3 айда хат танитын...» деген тың мәліметтер тыңдалды.

Соңынан 3 курс студеттері түрлі сұрақтар бойынша екі топ арасында (МДТО және БОПӘ) танымдық сайыс өткізілді. Студенттер сайысқа белсене араласа отырып, Ы.Алтынсариннің өлеңдерін оқыды.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Психология және педагогика факультеті Ұлы ағаратушы, ұстаз – Ыбырай Алтынсарин