Студент және мектеп
- Подробности
- Опубликовано: 12 февраля 2018
2018 жылдың 15 қаңтарынан 10 ақпаны аралығында «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 3 курс студенттері Қостанай қаласының №24 мектеп-гимназиясының және №20 орта мектебінің бастауыш сыныптарында педагогикалық практикаларынан өтті.Практиканың басты мақсаты: мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетінің негізгі қызметін игеру, педагогикалық құзыреттіліктерін дамыту және мұғалім тұлғасының кәсіби сапаларын қалыптастыру болып табылады.
Практикадан өту барысында студенттерде оқу пәндерін оқыту, ондағы оқу материалдарын дұрыс әрі сауатты бере білудағдалары және оқушылар ұжымын ұйымдастыру тәсілдері туралы түсініктері қалыптасып, оқушылармен тіл табыса білулері жетілді. Сонымен қатар, оқушылардың сабаққа деген зейіндерін тұрақтандырудың, оқуға деген жағымды ынта-жігерлерін дамытудың қыр-сырларын игерді.
Студент-практиканттар сабақтарына жан-жақты дайындалып отырды, олардың сабақтары білімділік сипатта болды, түрлі жұмыс формаларын кеңінен қолдана білді. Студенттер сабақта игерілетін оқу материалын жалпылауға және жүйелеуге бағытталған тапсырмалар мен жаттығуларды қолдануға тырысты, өзбеттерімен түрлі үлестірмелі материалдарды, шығармашылық және деңгейлік тапсырмаларды, ашық және жабық типті тест тапсырмаларын құрастыра білді. Сабақ жоспарларын әзірлеуде жауапкершіліктері, өзбеттіліктері байқалды.
Практика барысында сабақтарын өткізуде ерекше өздерін көрсете білген студенттер: Балтабаева Гульнур, Есеналы Арайлым, Ашимова Ұлжалғас, Оспаналиева Ұлдана. Олар сабақты жоспарлауда оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, сабақтың мақсат-міндеттерін әдістемелік бірізділікте шеше білді.Балтабаева Гульнур, Есеналы Арайлымсабақ барысында сабақтың білімділік және дамытушылық мақсаттарына ұтымды жетіп отырды, оқу үрдісін нақты басқара білді, интерактивті тақтаны логикалық тұрғыда тиімді қолдана алды, қазақ тілі және әдебиеттік оқу сабақтарында қолданған жұмыс түрлері ауқымды болды: жаппай, топтық және жеке жұмыс түрлері қолданылды.
Педагогикалық практика студенттерде жеке кәсіби-тұлғалық сапалар мен қасиеттерді дамытуға зор ықпалын тигізді.