Қазіргі білім беру кеңістігіндегі көптілділік жағдайда пәндердің кіріктірілуі

2017-2018 оқу жылына «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасының аға оқытушылары Шевченко Г.В. және Кушмурзина Д.Х. үштілділік білім беру саясаты бойынша «Қазіргі білім беру кеңістігіндегі көптілділік жағдайда пәндердің кіріктірілуі» тақырыбында ғылыми-әдістемелік жұмыс түрін жоспарлаған болатын.

Үштілділік білім беруді дамыту мақсатында 2018 жылдың 27 ақпаны күні «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 4 курс студенті Сайдалина Айнұр Саиновна өндірістік практикадан өтуі барысында «Қостанай қаласы әкімдігінің білім беру бөлімінің №24 мектеп-гимназиясы» мемлекеттік мекемесінің 2 «А»-сыныбында «Зат есімнің жекеше және көпше түрі» («Единственное и множественное число имён существительных», «The only and plural of nouns») (жекеше – единственное число – singular; көпше – множественное число – plural) тақырыбында ашық сабақ берді.

Ашық сабақ үш тілде жүргізілді: қазақ, орыс, ағылшын.

Сабақта салыстыру тәсілі қолданылды: қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі зат есімнің жекеше және көпше түрлерінің морфологиялық сипаттары салыстырылды. Студент осы үш тілдегі зат есімнің жекеше және көпше түрлерін анықтауға қойылатын сұрақтарының айырмашылығын көрнекі түрде жақсы түсіндіріп берді және 2-сынып оқушылары үшін теориялық материалдарды жалпылау және жүйелеудің тәсілдері қолданылды.

Осы көптілділік элементтері арқылы кіріктірілген қазақ тілі сабағы Қазақстан Республикасының бастауыш сыныптарда жаңартылған білім беру бағдарламасы бойынша аға оқытушылардың Шевченко Г.В. және Кушмурзина Д.Х. әдістемелік жұмыстарының жүйелілігін көрсетеді.

-

-

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Психология және педагогика факультеті Қазіргі білім беру кеңістігіндегі көптілділік жағдайда пәндердің кіріктірілуі