Жастардың педагогика ғылымына көзқарасы
- Подробности
- Опубликовано: 12 апреля 2018
Бүгінгі әлемде инновациялық ғылыми зерттеулердің маңыздылығын асыра бағалау қиын. Қазіргі ғылыми зерттеулер мен технологиялар қоғамның прогрессивті дамуының басты факторы болып табылады. Инновациялық дамуда білім маңызды рөл атқарады.
Бүгінгі таңда жаңартылған білім беру міндеттерін ескере отырып, білім берудің жаңа сапасына және жас ұрпақтың тәрбиесіне қол жеткізуге бағытталған өзекті тәсілдер, идеялар мен тәжірибелер талап етіледі. Қазақстандық білім беру мазмұнын жаңартуға жетекші рөл педагогика ғылымымен, соның ішінде жас ғалымдардың зерттеулері ерекше мәнге ие.
Болашақ педагогтарды шығармашыл, белсенді, өз қызметінің нәтижелеріне жауапты тұлға етіп тәрбиелеуде Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің педагогика кафедрасы әдістемелік апталығының аясында «Жастардың педагогика ғылымына көзқарасы» атты 21студенттік жоба қатысқан студенттік ғылыми-практикалық конференция өткізілді.
Осы ғылыми форумда қазақстандық білім беру мазмұнын жаңғырту тұрғысынан қызықты әрі болашағы зор жобалар ұсынылды. Білім берудің және оқытудың жаңа тәсілдерді үшін идеялар ұсынған: рефлексивті, бірлескен, интерактивті оқыту, критериалды бағалау туралы Молдашева Жанель (химия, 2 курс), Тақыбай Сандуғаш (психология және педагогика, 3 курс), Баймаханбетова Самал (психология және педагогика, 4 курс), Ысрайыл Райхан (психология және педагогика, 4 курс), Жандарбекова Айткүл, Нұркелді Перизат (тарих, 2 курс), Қалыш Гүлзат, Жәли Бекзада (химия, 2 курс) зерттеулерінде талқыласа, орта, техникалық және кәсіптік оқу орындарының тәрбие жұмысының мазмұнын жаңарту мәселелері, қазақстандық қоғамның рухани жаңғырту аясында Алитанова Шолпан (психология және педагогика, 2 курс), Адырбаева Жулдыз, Басанова Жансая (тарих, 3 курс), Абдрахманова Нургуль (Шет тілі: 2 шет тілі, 1 курс), Колыханова Юлия (орыс тілі мен әдебиеті, 2 курс), Әуезханова Мөлдір (география, 2 курс), Серикова Салтанат (тарих, 2 курс), Прашева Мадина (құқық және экономика негіздері, 2 курс)зерттеу жұмыстарында қарастырылды. Қазіргі заманғы жастарды тәрбиелеуде қазақ халқының педагогикасының рухани мұрасының маңызы Қайырғали Нұрымжанның (тарих, 1 курс), Мешітхан Ақжолдың (тарих, 3 курс) еңбектерінде айтылды.
«Химия» мамандығының 2 курс студенттері Жунаева Мафтуна, Қазамбай Арайлым, Срайыл Гүлзира зерттеулерін қазақ тілін латын әліпбиіне көшіру мәселесіне арнады. Садибекова Насиба (психология және педагогика, 4 курс) Матығұлов Дәуіржан, Ғаппар Айзере (құқық және экономика негіздері, 2 курс) болашақ педагогтарды оқытудың тиімді тәсілдерін зерттеді.Молдамұрат Фариза, Үсенова Шаттық, Кабдрахманова Әсем, Халыкова Эльзада, Амангельдиева Нұрбибі (психология және педагогика, 2 курс) студенттері зерттеулерін «Серпін» бағдарламасымен келген студенттердің бейімделуіне арнаса, Балахмет Айша, Жамбекова Айдана, Дауренбекова Арай, Серикбаева Алия (педагогика және психология 2 курс) студенттері ҚМПУ студенттерінің гендерлік ерекшелітері туралы зерттеу жұмыстарын көрсетті.
Ғылыми жобалардың авторлары ғылыми-зерттеу мәдениетінің жоғары деңгейін және жақсы шығармашылық әлеуетін көрсетті. Көптеген студенттер таңдалған тақырып бойынша жұмысын жалғастыруды жоспарлап отыр.
Студенттердің ғылыми форумының қорытындысы бойынша төмендегідей ұсыныстар қабылданды:
- «Жастардың педагогика ғылымына көзқарасы» студенттік ғылыми-практикалық конференциясында қарастырылған мәселелердің өзектілігі;
- білім беру саласындағы өзекті ғылыми мәселелерін дамыту бойынша студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысын жандандыру, ғылыми жобаға айналдыру;
- авторлық идеяларды одан әрі дамыту және оларды ғылыми-зерттеу жобалары мен студенттік стартаптар түрінде жүзеге асыру үшін конференцияға қатысушылардың таңдаған бағытта ғылыми-зерттеу жұмыстарын жалғастыру;
- Студенттің ортасында түрлі ғылыми форумдар өткізу арқылы ғылыми-зерттеу жұмыстарымен танысу идеясын кеңінен тарату.
«Жастардың педагогика ғылымына көзқарасы» атты студенттік ғылыми-практикалық конференциясының барлық қатысушылары сертификаттарға ие болды.