«Сабақты зерттеу: Қазақстан мектептерінің тәжірибесі»
- Подробности
- Опубликовано: 13 апреля 2018
2018 жылдың 13сәуірінде Педагогикалық шеберлік орталығының Қостанай қ. филилалы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетімен (бұдан әрі - ҚМПУ) бірлесе отырып, «Сабақты зерттеу: Қазақстан мектептерінің тәжірибесі» аймақтық ғылыми-практикалық конференциясын ұйымдастырды.
Конференцияның мақсаты:
- сабақты зерттеу әдістерін іске асыруда озық педагогикалық тәжірибені анықтау және тарату;
- қатысушылар арасында білім мен тәжірибе алмасу;
- Lesson Study шеңберінде ақпаратқа қолжетімділікті кеңейту.
Пленарлық мәжілісте Қазақстан Республикасында білім мазмұнын жаңарту контекстінде педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы мен тәжірибесі, сондай-ақ педагогикалық зерттеулердегі әлемдік практикаға талдау жасалды. Конференциядағы қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі презентациялар:
- Утегенова Бибикуль Мазановна, ҚМПУ, педагогика кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к.: «Мұғалімнің зерттеу мәдениетінің әдістемелік негіздері»;
- Онищенко Елена Анатольевна, Қостанай қаласы педагогикалық шеберлік орталығының директоры: «Қазақстан Республикасының білім беру мазмұнын жаңарту аясында мұғалімдердің ғылыми-зерттеу дағдылары»;
- Байгаринова Жанна Калымкановна, Қостанай қаласы педагогикалық шеберлік орталығының бас менеджері: «Оқытушының тәжірибесінде зерттеудің рөлі»;
- Ian Martin, Қостанайдағы физика-математикалық бағыттағы НЗМ филиалының халықаралық директорының орынбасары:«Worldwide Practice in Educational Research» (Білім беру саласындағы әлемдік тәжірибе);
- Раисов Рамазан Елеусизович, Қостанай қ. №10 мектептің директоры:
«Тәжірибені енгізу мұғалімдердің біліктілігін арттыру тәсілі ретінде сабақты зерттеу».
Конференция жұмысы келесі бағыттар бойынша жалғасты:
- Сабақты зерттеу тәжірибесі: мәселелер мен болжамдар.
- Мұғалімдерді оқыту тәжірибесін жетілдіру әдісі ретінде сабақты бірлесіп жоспарлауда тиімді өзара әрекеттесу дағдыларын қалыптастыру.
- Мұғалімнің оқу үрдісін жетілдіру факторы ретінде рефлексиялық тәжірибесі.
- Lesson Study бағдарламасын жүзеге асыру арқылы мұғалімдердің кәсіби дамуын басқару.
Конференцияның секциялық отырысында ҚМПУ-нің профессорлық-оқытушылық құрамы, менеджерлер және Қостанай қаласының мұғалімдері, әдіскерлер, ФМБ НЗМ, сабақтың (Lesson Study) ғылыми-зерттеу процесіне тартылған Қостанай облыстық мұғалімдер ККМ Астана филиалының өкілдері қатысты. Барлығы 197 мұғалім қатысты. Оқытушының сабақ және рефлексиялық тәжірибесін зерделеудің өзекті мәселелері бойынша пікірлер мен тәжірибе алмастырылды. Секциялық отырыстар қатысушылардың қорытындылары мен ұсыныстары оқу тәжірибесін жақсартуға бағытталған болатын, сондықтан ынтымақтастық және өзара түсіністік жағдайда өтті.
https://www.facebook.com/pg/kspi.kz/photos/?tab=album&album_id=1881442145209203