Үздіксіз білім беру және жаһандық әлемнің шақырулары

2018 жылғы 6 желтоқсанда Ө. Сұлтанғазин атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінде Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім Академиясы мен бірлесіп ЮНЕСКО-ның Тұрақты даму үшін білім беру жөніндегі Ғаламдық іс-қимыл бағдарламасы ретінде бастамашылық еткен көп жылдық диалогтың жалғасы болып табылатын «Тұрақты даму мүддесіндегі үздіксіз білім беру: жаңа сын-қатерлер (II кезең)» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.

Конференция үздіксіз білім берудің өзекті мәселелерінің шешімдерін ғылыми іздестіру нәтижелерін жинақтау және тарату мақсатында өткізілді. Конференция үздіксіз білім берудің өзекті мәселелерінің шешімдерін ғылыми іздестіру нәтижелерін жинақтау және тарату мақсатында өткізілді.

Еліміздің экономикалық өсуін қамтамасыз етуде ғылымның, экономиканың, қоғамның және оның жекелеген азаматтарының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін мамандарды уақтылы және сапалы даярлау маңызды рөл атқарады. Білімді тез жинақтау және технологияларды жаңарту жағдайында бұл ең маңызды міндеттердің бірі білім берудің үздіксіздігін қамтамасыз ету болып табылатынын білдіреді.

ҚМПУ конференц-залында № 1 «Үздіксіз білім беру және жаһандық әлемнің шақырулары» панельдік сессиясы өтті. Осы сессияның модераторлары Қостанай мемлекеттік педагогикалық университетінің педагогика кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор (Қазақстан, Қостанай қ.) Өтегенова Бибігүл Мазанқызы және Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының тәрбие теориясы мен әдістемесі орталығының директоры, тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Мамырханова Аймен Молдағалиевна (Қазақстан, Астана қ.) болды.

Орехово-Зуево МГТУ (Ресей) қонақтар педагогика кафедрасының меңгерушісі, п.ғ. к., доцент Скударева Г. Н., п. ғ. к., ректордың көмекшісі Носкова Н. В., «Үздіксіз педагогикалық білім: жаңа мағыналар мен инновациялық тәжірибелер» тақырыбында сөз сөйледі.

Қазақстандық ғалымдар мен практиктердің арасында «Білім алушылардың шығармашылығын дамытудағы ақпараттық технологиялардың рөлі» атты баяндаманы аймақтық әлеуметтік-инновациялық университет директорының оқу-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмысы жөніндегі орынбасары, техника ғылымдарының кандидаты, доцент Ақылбаев Мұсабек Исламұлы (Қазақстан, Шымкент қ.), «Екінші тілде пәнді оқытудың тиімділігін арттырудағы CLIL әдістемесі» баяндамасымен Алиева Жансая Шынболатқызы, Назарбаев Зияткерлік мектебінің география пәні мұғалімі,Аликулова Марал Сейсенбекқызы, Қостанай қ. НЗМ тарих пәнінің мұғалімі, «Арнайы білім беру жағдайында зияткерлік бұзылулары бар балалармен жұмыс істеу әдістері мен формалары»баяндамасымен Қостанай ауданы Затобол к. психологиялық-педагогикалық түзету кабинетінің әлеуметтік педагогы (Қазақстан, Қостанай облысы),Стадниченко Светлана Владимировна, «ҚР Медиация туралы Заңының қолданылуы және жалпы сипаттамасы» Кожабеков Ербол Құрманғазыұлы, Аймақтық әлеуметтік-инновациялық университетінің оқытушысы, заң ғылымдарының магистрі (Қазақстан, Шымкент қ.), «ЖОО студенттерінің кәсіби педагогикалық білімін қалыптастырудың кейбір бағыттары» Иванова Елена Николаевна, педагогика кафедрасының аға оқытушысы, педагогика және психология магистрі (Қазақстан, Қостанай қ.), «Сандық педагогика: тәжірибе және болашақ» Ермагамбетова А. Ж., педагогика кафедрасының оқытушысы, гуманитарлық ғылымдар магистрі.

1 панельді секцияның қорытындысы сертификат табыстаумен аяқталды.

Тыңдалған баяндамаларды, баяндамаларды талқылау қорытындысы бойынша конференцияға қатысушылар ұсынады:

  • үздіксіз білім беру саласындағы ғылыми зерттеулерді кеңейту;
  • орта білімнің жаңартылған мазмұнының тәжірибесін және жоғары кәсіптік білімнің білім беру нәтижелерін интеграциялау мәселелерін кеңейтуге ықпал ету;
  • «Білім туралы» ҚР Заңының жаңа редакциясын ескере отырып, білім берудің барлық деңгейлеріндегі педагог кадрларды даярлау жүйесін жаңғырту;
  • білім берудің жаңартылған мазмұнындағы, үш тілді білім берудің оқу бағдарламаларын енгізуді жүзеге асыратын пилоттық мектептердің тәжірибесін зерделеу, қолдану және тарату;
  • жаңа үлгідегі академиялық кредиттер бойынша оқу үдерісін және педагогикалық жүктемені жоспарлауды ұйымдастыру;
  • жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлау бағыттарының жаңа жіктеуіші жағдайында білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізу.

-

-

-

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Факультет жаңалықтары Психология және педагогика факультеті Үздіксіз білім беру және жаһандық әлемнің шақырулары