5В010100- «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» мамандығы студенттердің пәндік олимпиадасы
- Подробности
- Опубликовано: 01 марта 2019
«Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасының аға оқытушысы Султанбекова Ж.Х. 28 ақпан және 1 наурыз аралығында 5В010100 «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» мамандығында оқитын студенттермен пәндік олимпиадасын ұйымдастырып өткізді.
Пәндік олимпиаданың негізгі мақсаты:
- Студенттердің танымдық қабілеттерін арттыру;
- Студенттердің ғылыми зерттеу жұмысына қызығушылықтарын ояту;
- Республикалық пәндік олимпиадаға қабілеттері жоғары студенттерді іріктеу.
Олимпиадаға «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» мамандығында оқитын 2 және 3 курс студенттерінен құралған 5 топ қатысты. Олар: «Жұлдыз», «Нұршуақ», «Жас маман», «Балажан», «Шамшырақ».
28 ақпанда пәндік олимпиаданың 1 бөлімі өткізілді. Бірінші бөлімде студенттер: «Тәрбиеші – балабақша жүрегі», «Балаларды ерте жастан дамытуда тәрбиелеу – оқыту үдерісін ұйымдастыру», «Ертегілер әлеміне саяхат», «Интеллектуалдар» кезеңдерінде білімдері мен біліктері бойынша бақ сынасты.
Пәндік олимпиаданың екінші бөлімі 1 наурыз күні Қостанай қаласының №61 бөбекжай балабақшасында студенттер әртүрлі жас топтарымен ұйымдастырылған оқу қызметін жүргізді.
Қазылар алқасының шешімі және жиған ұпайларының қорытындысы бойынша 1-орынға «Жұлдыз» тобы», 2-орынға «Шамшырақ» тобы, 3-орынды «Жас мамандар» тобы иеленді.