Құттықтаймыз!

Республикалық СҒЗЖ байқауының ІІ кезенінде жүлделі орындарға ие болған студенттерімізді құттықтаймыз:

1 орын – Торыбаев Жанболат, 5В011300 – «Биология» ББ 4 курс студенті, ғылыми жетекшісі – Брагина Татьяна Михайловна, биология ғылымдарының докторы (б.ғ.д.), профессор.

2 орын – Есеналина Айгерим, 5В011600 – «География» ББ 4 курс студенті, ғылыми жетекшісі – Баубекова Гаухар Коныспаевна, педагогикалық білім магистрі, жаратылыстану ғалымдары кафедрасы меңгерушісінің м.а.

3 орын – Сәбит Зере, 5В011100 – «Информатика» ББ 4 курс студенті, ғылыми жетекшісі – Айтбенова Аян Алтаевна, педагогикалық білім магистрі, аға оқытушы.

3 орын – Сатаганова Камилла, 5В010700 – «Бейнелеу өнері және сызу» ББ 4 курс студенті, ғылыми жетекшісі – Ордашева Мирамгуль Жонысбековна, педагогика және психология магистрі, аға оқытушы.

Біз студенттерге мұнымен тоқтап қалмауға, Қазақстан Республикасы ғылымының игілігі үшін зерттеу әлеуетін дамытуға тілектеспіз. Сіздерге алдағы уақытта да жеңістер мен жетістіктер, мықты денсаулық және өмірдегі барлық жақсылықтарды тілейміз.

Ғылыми жетекшілерге алғысымызды білдіреміз. Сіздерге үлкен жетістіктер, жалпыға танылу, сергектік және өмірлік қуат, шынайы бақыт және мықты денсаулық тілейміз.

Байқаудың ІІІ финалдық кезеңінде сәттілік серіктеріңіз болсын.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз