Студенттік инновациялық жобалар байқауы

2016 жылдың 22 сәуірінде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған студенттік инновациялық жобалар байқауының қорытынды кезеңі өтті. Байқаудың басты мақсаттары мен міндеттері: Қазақстан Республикасының интеллекті әлеуетін қалыптастыруға жәрдемдесу; Студенттердің ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру; Дарынды студенттерді таңдау және оларға қолдау көрсету.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған жооішілік инновациялық жобалар байқауы 3 кезеңде өтті. Бұл байқау өткен оқу жылындағы студенттер өміріндегі ең басты оқиғалардың бірі болды. Аталмыш байқау студенттерге өзі таңдаған ғылым саласындағы білімдерін жетілдіріп, ой-өрісін дамытып, ғылыми жетекшілерінің жетекшілігімен ғылыми-зерттеу, ғылыми-тәжірибе дағдыларын қалыптастыруға бірден-бір септігін тигізері сөзсіз. Сараптама комиссиясының шешімі бойынша 6 команда үздік танылды. Ұсынылған жобаларды білікті қазылар алқасы бағалады. Оның құрамына алқа төрағасы болып Қостанай облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры Мұрат Телғараұлы Әбенов тағайындалды.

Алқа мүшелері:

  1. Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, ҚМПИ тәрбие жұмысы және әлеуметтік-экономикалық мәселелер жөніндегі проректоры Тілеген Әлмұханұлы Ахметов;
  2. А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті инновациялық ғылыми-білім беру орталығының директоры, ветеринарлық ғылымдарының кандидаты Сабит Кабдышевич Коканов;
  3. ҚМПИ ректорының м.а., тарих ғылымдарының докторы, профессор Еркін Аманжолұлы Әбіл;
  4. «Даму» қорының өкілі, құзіреттілікті арттыру бағдарламасы жөніндегі менеджер Асель Муратовна Казакова.

Жоба сын тұрғысынан қызу талқыға түсіп, институт ғалымдарының қызығушылығын тудырды, ол өз кезегінде байқауға ғылыми, өзекті сипат берді.

Байқау жеңімпаздары:

  1. Тарих және өнер факультетінің командасы, «Қазақстан тарихы» мамандығының студенттері Ернар Жаксыбаев, Жанбота Ғани;
  2. Дене шынықтыру, спорт және туризм факультеті, «Туризм» мамандығы студенттерінің командасы Васкез Гильберто Муньоз, Аскар Асылханович Хакимов, Вероника Юрьевна Хван, Виктория Викторовна Хорошевская;
  3. Шетел тілдері факультетінің студенттер командасы Улнур Әкебарқызы Отебай, Мадина Жангалиевна Казбекова, Елена Эдуардовна Муштакова, Асель Багдатовна Утенова.

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған үздік инновациялық жоба институтішілік байқауының жеңімпаздары ректор м.а бұйрығымен I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталып, 1 орынға 100 000 теңге, 2 орынға 60 000 теңге, 3 орынға 40 000 теңге көлемінде ақшалай сыйлыққа ие болды.

Байқаудың барлық қатысушылары осындай іс-шараларды жиі өткізуге тілектерін білдірді. Себебі аталған іс-шара басқа қатысушылардың жұмыстарымен танысуға, сөйлемдерін логикалық тұрғыдан дұрыс құрастыруға, өз көзқарасын дәлелдеуге, баламалы түсініктер ұсынуға септігін тигізіп, коммуниктивтік қабілеттерін дамытуда құнды тәжірибе болды.

 

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз