Республикалық онлайн-конференция
- Подробности
- Опубликовано: 30 ноября 2016
Психология және педагогика факультетінің «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасы 2016 жылдың 30 қарашасында «ҚР білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында болашақ мұғалімдерді даярлаудың бірқатар аспектілері» атты республикалық онлайн-конференциясын өткізді. Оған Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институтының, Ш.Уалиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің және Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасының оқытушы-профессорлық құрамы, Көкшетау және Қостанай қалаларындағы педагогикалық шеберлік орталығының директорлары, сонымен қатар Оңтүстік Қазақстан және Қостанай облысы мектептерінің мұғалімдері қатысты. Конференция барысында қазіргі білім беру мазмұнын жаңарту барысындағы өзекті мәселелер, оларды шешу жолдары мен білім беру жүйесіне енгізілу ерекшеліктері сөз болып, өзара пікір алмасуға зор мүмкіндік жасалды. Конференцияның соңында аталған тақырып бойынша жұмыс нәтижесі ретінде ұсыныс (резолюция) қабылданды.