Назарбаев университеті Жоғары мектебінің өкілдерімен кездесу

19 сәуір күні Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында Назарбаев университеті Жоғары мектебінің өкілдері ғылыми жұмыс жөніндегі бас директоры, профессор Тседисо Макоэле және Назарбаев университеті Жоғары мектебінің ғылыми қызметкері Толқын Омаровамен кездесу өткізілді. Профессор Тседисо Макоэлемен тәжірибе алмасу мақсатында ҚМПИ профессорлық-оқытушылар құрамы үшін білім беру саласындағы зерттеу әдістері және рецензияланатын журналдарға ғылыми мақалаларды жариялау мәселелері бойынша семинар ұйымдастырылды. Студенттер мен оқытушылардың назарына магистратура мен докторантураның бағдарламасын жүзеге асыру бойынша презентация ұсынылды, аталмыш бағдарламаларды жүзеге асырудың және оқу түсу, құжат даярлаудың мәселелері талқыланды. Кездесу нәтижесінде сауалдар қойылып, жеке-дара әңгімелесулер орын алды.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз

Вы здесь: Главная Жаналықтар Ғылым, халықаралық қатынастар және инновациялық даму жаңалықтары Назарбаев университеті Жоғары мектебінің өкілдерімен кездесу