Орта білім мазмұнын жаңарту жағдайындағы тірек мектептері мұғалімдерін ғылыми-педагогикалық қолдау
- Подробности
- Опубликовано: 30 марта 2016
2016 жылғы 30 наурызда педагогика кафедрасының Әдістемелік апталығын өткізу аясында «Орта білім мазмұнын жаңарту жағдайындағы тірек мектептері мұғалімдерін ғылыми-педагогикалық қолдау» онлайн-конференциясы өткізіліп, оған ҚМПИ декандары, кафедра меңгерушілері, оқытушылары, Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтының оқытушылары, Қостанай қалысындағы «Педагогикалық шеберлік орталығы» ЧУ филиалының қызметкерлері, Қостанай облыстық тірек мектептерінің педагогтері, Қостанай облыстық білім басқармасының мамандары, сонымен қатар облыстық қала мен аудандық білім бөлімінің әдіскерлері қатысты.
Конференция мақсаты – тірек мектептері мұғалімдеріне кеңес беру, тірек мектептерінің педагогтерін жалпы білім беруді инновациялық дамытудың заманауи ғылыми тәсілдерімен таныстыру. Конференцияға қатысушылар баяндама жасап қана қоймай, пікір алмасып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып отырды. Қатысушылардың барлығы да осындай кездесулердің маңыздылығы мен қажеттілігін айтып өтті, ал онлайн-конференция форматындағы жұмыс конференция ұйымдастырушылары қойған басты мақсатқа жетуге септігін тигізді.
Фотогалерея