Via Domitia-мен халықаралық келісімшартты ұзарту
- Подробности
- Опубликовано: 15 марта 2016
15 наурыз айында Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтына Перпиньян қаласының (Франция) Via Domitia университеті тілдер орталығының директоры Вэнсан Глэз ресми іссапармен келді. Университеттің халықаралық ынтымақтастығы мен даму өкілеттігі шегінде ол ҚМПИ-мен бес жыл бойғы қолданыстағы келісімшарттың мерзімін ұзартты. Сонымен қатар екі оқу орнының академиялық ұтқырлық бағдарламасын дамыту және оқытушылардың біліктілігін арттыру бойынша өзара ынтымақтастығы мәселелері де талқыланды. Вэнсан Глэз француз тілін меңгеріп жатқан студенттермен кездесті. Ол университет пен тілдер орталығы жайлы презентация көрсетіп, студенттерді академиялық ұтқырлық бағдарламасына қатысуға және тілдік курстарды оқуға шақырды. Осы оқу жылында аталған университетте семестр бойы оқып келген студенттер Вэнсан арқылы Via Domitia оқытушыларына алғыс тілектерімен бейнеүндеу жолдады.