Зияткерлік меншіктің авторлық құқығын қорғау туралы семинар
- Подробности
- Опубликовано: 09 апреля 2014
2014 жылдың 9 сәуірінде ғылым, халықаралық байланыстар және инновациялық даму бөлімі зияткерлік меншіктің авторлық құқығын қорғау туралы ғылыми-әдістемелік семинар ұйымдастырып, өткізді.
Семинарға Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының профессор-оқытушылар құрамы, факультет декандары, кафедра меңгерушілері, жас оқытушылар белсене атсалысты.
Ғылыми-зерттеу жұмыс нәтижелерін практикаға енгізу ережелері туралы ғылыми жұмыстар және шетелмен байланыс жөніндегі проректор, тарих ғылымдарының докторы, профессор Е.А. Әбіл баяндады.
Ғылым, халықаралық байланыстар және инновациялық даму бөлімінің бастығы педагогика ғылымдарының кандидаты Б.Ш. Баймұхамбетова зияткерлік меншік нысанына құқықтарын тіркеу жайлы ақпаратпен бөлісті. Оның баяндамасы келесі мәселелерді қозғады: Зияткерлік меншік дегеніміз не? Зияткерлік меншік құқығы жөніндегі комитетке қандай құжаттар ұсыну керек? Инновациялық өнертабысқа не жатады?
Аталмыш ақпарат институт қызметкерлерінің терең кәсіби қызығушылығын туғызып, келешекте кәсіби құзіреттілікті арттырудың тиімді үлгісі ретінде осындай семинарларды жиі өткізуге тілектерін білдірді.
Аталмыш ақпарат институт қызметкерлерінің терең кәсіби қызығушылығын туғызып, келешекте кәсіби құзіреттілікті арттырудың тиімді үлгісі ретінде осындай семинарларды жиі өткізуге тілектерін білдірді.