Ғалымдар шақырады

01.04.122012 жылдың 1 сәуірінде Л.Н.Толстой атындағы Қостанай облыстық кітапханасында «Ученые приглашают» (Ғалымдар шақырады) клубының отырысы өтті. Аталмыш клуб кітапхана қызметкерлерінің бастамасы бойынша құрылып, ұйымдастырылды. Кезекті отырыста «Қостанай облысы басылымының тарихы» атты тақырып талқыланды. Негізгі баяндама жасаушылар ҚМПИ профессоры, т.ғ.к. Я.К.Духин (революцияға дейінгі басылым тарихы жайлы), ММ «Қостанай облысының мемлекеттік мұрағаты» құжаттардың шығарылу және пайдаланылу бөлімінің бастығы Ю.Н.Говорова (мұрағат қорында сақталған мерзімді басылымдар туралы), әлем тарихы, құқық және экономика негіздері кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к. С.В.Самаркин (1920-жылдардағы қостанайлық басылымдар туралы), ҚМПИ тарих және өнер факультеті, «Тарих» мамандығының 1 курс студенті Д.Мухамбетова («Ауыл» қазақ газетінің тарихы туралы) болды.

Іс-шараға сонымен қатар Қостанай жоғарғы оқу орындарының оқытушылары мен ғалымдары қатынасты (Ю.Я.Бондаренко, Д.М.Легкий, Б.Н.Нурсеитов, Б.Х.Альшанова, А.Г.Қозыбаев және т.б.).
01.04.12 1

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз