«Парасат» дебат клубы Астанада!
- Подробности
- Опубликовано: 21 ноября 2011
Менімен келісетіндеріңізге сенімдімін, пікірсайыс дегеніміз кәзіргі жастардың сәніне айналған сайыстардың бірі. Осыған орай, Қазакстан Республикасының Тәуелсіздігінің 20-жылдығына орай 18-20 қараша аралығында Астананың Қазақ Гуманитарлық-Заң Университетінің халықаралық пікір сайыстың ашылуы өтті. Азаматтар «Тәуелсіздік кубогы» үшін жарысқа түсті. Бұл сайыс әр облыстың, әр қаланың мықтыларын жинап, бәрін бір жерде қауыштыруға мүмкіндік берді. Бұл сайыстың басты мақсаты - жас таланттарды қостау, оларды сүйемелдеу, шешендік өнерді дамыту, пікірталасқа қатыса білетін өз тобын жерге қаратпайтын және өз көз-қарасын сендірте білетін жастарды, сауатты болу және дәйектеме дәлелді қорғай білетін, жастарды тәрбиелік мәнге баулай білу болып табылады. Сайыстың ұйымдастырушысы ДК «Орда» ГДЦ «Альянс» болды. Басты орыс одақтың басшысы - Айкен Нұралы, қазақ одақтың басшысы - Салтанат Сарқұлова, ал ұйымдастырушы комитетінің басшысы Бауыржан Тоқтағазы мырза болды. Қостанай, Қарағанды, Петропавл, Ақмола облысы, Атырау, Алматы, Тараз, Қызылжар қаласынаң жалпы алғанда 48 топ қатысты. Бұл жарыста Қостанай қаласының намысын қорғауға мүмкіндік алған Пікір сайыс клубы Қостанай Мемлекеттік Педагогикалық Институтының атынан «Парасат» тобынан «15-19» (микс-тобы), «Сенімді серіктестер», «Аты жоқ» және «Алаш»топтары қатысты. Әрине, Ахмет Байтұрсынов атындағы Қостанай Мемлекеттік Университетінің студенттері шетте қалған жоқ. Ол университеттін намысын қорғаған «Ахмет ұрпақтары» және «Бадрисофа» топтары белсенді ат салысты. Біздің жерлестеріміз өздерін жан-жақты көрсете білді. Алайда,жүлделі орынға ие болмағанымен, бұл сайыс оларға үлкен тәжірибе, сабақ болды. Себебі, таласқа тек жеңіс үшін ғана емес, рақат алу үшін және жан-жақты болуы үшін қатысады. Келешекте жас талапкерлерге тек қана сәттілік тілейміз!
БО тілшісі Ақнұр Спанова