ҚМПИ мәртебелі қонақтарды қарсы алды.
- Подробности
- Опубликовано: 30 марта 2012
2012 жылдың 30 наурызында Қостанайға Франия елінің Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Жан-Шарль Бертонэ мырза екі күндік жұмыс сапарымен келді.
Елшімен бірге, жоғары мәртебелі қонақтар қатарында сауда экономикалық сұрақтар бойынша Кеңесшісінің орныбасары Лоран Шапитон, мәдени қарымқатынас бойынша Кеңесші Йоан Юрес және оның орынбасары Йоанн Шиттерер болды.
Елшінің облысқа келудегі негізгі мақсаты – біздің өңірмен танысу және екі жақты экономикалық қарымқатынасты дамыту жолдарын талқылау.Жұмыс сапары барысында Жан-Шарль Бертонэ мырза бастаған делегация Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтымен Қостанай Француз мәдени орталығында болды. Елші институт ректоры Қуат Баймырзаевпен, сондай-ақ, студенттер, ұстаздар қауымымен жүздесті. Дөңгелек үстел басында бірқатар толғандырған мәселелердің беті ашылды. Әсіресе, Франция елінің университеттерімен ынтымақтастық, академиялық ұтқырлық бойынша сұрақтар қызу талқыланды.