Халықаралық ғылыми-практикалық конференция
- Подробности
- Опубликовано: 10 апреля 2013
Қостанай қаласының Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының базасында Халықаралық ғылыми-практикалық конференция 10 сәуір 2013 жылы өтті.
Конференцияның салтанатты ашылуында ҚМПИ ректоры география ғылымдарының докторы, профессор Баймырзаев Куат Маратұлының сәлемдесу сөзімен басталды. Пленарлық отырыста тарих ғыл. докторы, профессор, шет елмен байланыс және ғылыми жұмыс бойынша проректор: Әбіл Е.А, пед. ғылымының кандидаты, профессор, ҚМПИ әлеуметтік-экономикалық және тәрбие жөніндегі проректоры: Ахметов Т.А., Захаров А.А., философия ғыл.докторы,, профессор (МИФИ, Мәскеу қ., Ресей), Сейтқазы П.Б., пед. ғыл. докторы, профессор (Л.Н.Гумилев ат. Еуразиялық Ұлттық Университеті, Астана), Уварина Н.В., пед. ғыл. докторы, профессор (ЧМПУ, Челябі қ., Ресей), Искандирова Т.Н., пед. ғыл. канд., доцент, «Қостанай дарыны» аймақтық ғылыми-тәжірибелік орталығының директоры баяндамаларымен шықты.Пленарлық отырыста білім беру жүйесін реформалау мәселелері, елдің қоғамдық-экономикалық жағдайындағы шынайы бейімделуі және жастарды әлеуметтендірудегі стратегиялық міндеттерін ойластыру талқыланды. Конференцияның Ресейлік қонақтары жастардың қоғамдағы әлеуметтенуінің концептуальды көзқарастарымен бөлісті.
Конференция барысында 4 секция бойынша жұмыс істеді:
- «Ортаға бейімдеу педагогикасы - ХХІ ғасырдың әлеуметтік ғылымы және ортаны әлеуметтендіру тұжырымдамасы ретінде»
- «Дарынды баларды әлеуметтік-педагогикалық қолдау, оның ғылыми негіздері, жаңашылдылығы, тәжірибелілігі»
- «Студент жастардың кәсіптік орнығуын және салауатты өмір салтын қалыптастыруын ғылыми-әдістемелік жағынан қамтамасыз ету»
- «Отбасы – адамды әлеуметтендіру және тәрбиелеудің негізгі институты ретінде»
Конференцияның ұйымдастыру комитетіне Қазақстанның әр түрлі аймақтарынан: Астана, Алматы, Тараз, Орал, Қарағанды, Шымкент, Ақтау, Атырау, Түркістан, Семипалатинск, Усть-Каменогорск, Арқалык, Лисаковск, Рудный, Қостанай және шетел: Мәскеу, Нижний-Новгород, Новосибирск, Челябинск, Саров, Ставрополь қалаларынан 120 баяндама түсті.
Қоғам әлеуметтенуінің әдіснамалық мәселелерін талқылау, қазақстандық білім беруді жаһандандырудың негізгі бағыттары, болашақ педагогтарды даярлаудың ғылыми-әдістемелік мәселелерін қамтамасыз ету, еліміздің талаптарына сай жастардың кәсіби орнығуы және өнімді бейімделуі. Конференцияның арнайы секцияларында дарынды балалармен жұмысты ұйымдастыру мәселелері, оларға педагогикалық қолдау көрсету және ғылыми жетекшілік жасау, олармен жұмыста жаңашылдық ізденіс, жастар тәрбиесіне рухани-өнегелі, кәсіби педагогикалық орта жайы талқыланды.
Конференция жұмысында баяндамаларды талқылау ашық трибуна, дөңгелек үстел, әдістемелік семинарлар бойынша ұйымдастырылды.
Конференцияға қатысушылар талқыланған мәселелердің өзектілігіне куә болды. Конференцияға облыс және қала мектептерінің мұғалімдері және ЖОО студенттері қатысты.
Конференцияның жабылуында секция жетекшілері, конференцияның ұйымдастыру комитетінің мүшелері жарыс сөзге шықты, конференция өнімді жұмыс жасау үшін аудиторияның безендірілуі, техникалық құралдармен қамтамасыз ету, оқу орнымен танысуға мүмкіндіктің болуына ыңғайлы жағдай жасалғанын атап өтті. Екінші пленарлық отырыста конференция өткізілуінің қорытындысы жайлы тарих ғыл. докторы, профессор, шет елмен байланыс және ғылыми жұмыс бойынша проректоры: Әбіл Е.А.жарыс сөзге шықты.
Халықаралық ғылыми-практикалық конференция қатысушылармен әлеуметтенудегі жеке тұлғаның өскелең ортадағы рөлін ұсынады:
1. «Қазақстандық білім беруді жаһандандыру жағдайында студент жастарды ортада әлеуметтендіру және кәсіби орнықтыру» тақырыбы бойынша Ғылыми-практикалық конференцияның барлық қатысушыларының хабарламасы және баяндамалары жоғары ғылыми-теориялық және ғылыми-тәжірибелік деңгейде екенін белгіледі.
2. Адамның және барлық әлеуметтену құрылымында жеке тұлғаны әлеуметтендіру теориясы және теоретикалық модельдердің сәйкес келуі, гуманитарлық және әлеуметтік-педагогикалық қызметінің интеграциялық негізі болып табылуы қажет.
3. Кәсіби ғылыми-әдістемелік сапалы орналасуды қамтамасыз ету мақсатында студент жастарды белсендіру, жеке тұлғаны әлеуметтендіру мәселесінде оқытушылар мен студенттердің бірлескен ғылыми жұмыстарды дайындауда тәжірибесін кеңейту, ЖОО-нда әлеуметті-мәдени білім беру ортасын құру, салауатты өмір салтын қалыптастыру.
4. Әлеуметтенудегі жеке тұлғаның басты ресурсы ретінде қосымша білім беру кеңістігін дамытуды қолдау, дарынды балаларды әлеуметтік-педагогикалық қолдауды педагогтарды, әдіскерлерді кең көлемде көмек беруді жүзеге асыру.
5. Халықаралық ғылыми практикалық конференцияның Қатысушылары «Қазақстандық білім беруді жаһандандыру жағдайында студент жастарды ортада әлеуметтендіру және кәсіби орнықтыру» тақырыбындағы материалдар болашақта педагогикалық теорияға және білім беру практикасына оң әсерін тигізді.