Atameken Startup Weekend
- Подробности
- Опубликовано: 01 сентября 2013
30 тамыз және 1 қыркүйек аралығында ҚМПИ дәстүрге айналған Atameken Startup Weekend бизнес жобалар конкурсын өткізген. Тек қана Қостанайдан емес, елімізідің басқа да қалаларынан қатысқан болашақ бизнесмендер 3 күн бойы өзінің бизнес жобаларын қорғады. Институтымыздың атынан тек қана бір жоба ұсынылғанымен, ол жоба ең тиімді, пайдалы және жемісті деп танылды! Төлеш Мағзұм, Саят Шаймұрынов және Даулет Ищанов өздерінің «Пайдаланған пластик бөтелкелерін өндіру және қайтадан өндіріске салу» жобасын ұсынды. ҚМПИ командасы 300 мың тенге көлеміндегі ақшалай сыйлықты ұтып алып, Atameken Startup Weekend 2013 конкурсының жеңімпазы атанды. Жігіттерімізді құттықтай отыра жобаларыңызды іске асыруда сәттілік тілейміз!