- Подробности
-
Опубликовано: 22 октября 2013
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласының дамуы заманауи Қазақстанның экономикасы үшiн оның маңызын айқындайтын Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасының басымдылықтарының бiрi болып табылады. Сондай-ақ 2013 жылдың басында Елбасы «Ақпаратты Қазақстан – 2020» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Жарлыққа қол қойды. Оның негізгі мақсаты – Қазақстанның ақпараттық қоғамға ауысуын қамтамасыз ететін жағдайлар жасау. Бағдарлама маңызды төрт бағытты айқындайды және солардың бірі – мемлекеттік басқару жүйесінің тиімділігін қамтамасыз ету. Аталған бағыттың негізгі мақсаттарының бірі – мемлекеттік қызметтердің уақтылы және сапалы орындалуына жағдай жасайтын «электрондық үкіметті» дамыту. «Электрондық үкімет» халыққа, сондай-ақ бизнеске мемлекеттік органдардың әлеуметтік маңызды қызметтерін көрсетуді жеңілдету үшін іске қосылды.
«Электрондық үкіметтің» құрылуы мен дамуы табысты түрде жүзеге асырылды, бұған көптеген халықаралық жоғары рейтингілер куә. Енді халыққа мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру және «электрондық үкімет» порталын бұдан әрі дамыту бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Әрине, осы саладағы білім мен электрондық қызметтерді алу дағдыларын меңгеру белсенді дамып келе жатқан тұлғаның ой-өрісін кеңейтуге ықпал ететіні, барлық жаңалықтардан хабардар етіп, оларды күнделiктi өмiрде пайдалануға мүмкiндiк беретіні сөзсіз.
2013-2014 оқу жылына арналған информатика және ақпараттық технологиялар кафедрасының және «Инновациялық оқыту технологиялары» зертханасының жұмыс жоспарлары бойынша қазан айының 22-нші күні аға оқытушы Оспанова Шынар Бектепбергенқызы «Электрондық үкімет және электрондық қыметтер» атты семинар өткізді. Семинардың мақсаты – тыңдаушылардың «электрондық үкімет» порталының қызметтерін алу дағдыларын меңгеруі.
Бұл курсты меңгеру нәтижесінде тыңдаушылар:
- «электрондық үкiмет» порталында тіркелу және авторлануды;
- электрондық қызметтерді алу үшін электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалануды;
- электрондық мемлекеттік қызметтерді: ақпараттық, интерактивті және транзакциялық қызметтерді алуды;
- қызметтерді алу мен төлеу тарихын қарауды;
- электрондық құжаттардың түпнұсқалылығын тексеруді үйренді.