ЭКСПО-2017 арналған студенттік инновациялық жобалар байқауы
- Подробности
- Опубликовано: 11 апреля 2014
2014 жылдың 11 сәуірінде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтында ЭКСПО-2017 арналған студенттік инновациялық жобалар байқауының қорытынды кезеңдері өтті.
Байқаудың басты мақсаттары мен міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының интеллекті әлеуетін қалыптастыруға жәрдемдесу;
2) Студенттердің ғылыми-зерттеу және оқу-танымдық қызметін ынталандыру;
3) Дарынды студенттерді таңдау және оларға қолдау көрсету.
ЭКСПО-2017 арналған институтішілік инновациялық жобалар байқауы 3 кезеңде өтті:
1 кезең – 2013 жылғы 15 қараша мен 2014 жылғы 15 қаңтар аралығында студенттік инновациялық жобаларды дайындау;
2 кезең – 2014 жылғы 16 қаңтардан 16 ақпанға дейін сараптама бағалау өткізу;
3 кезең – ең үздік танылған 6 жобаны көпшілік алдында қорғау.
Сараптама комиссиясының шешімі бойынша 6 топ үздік танылды. Ұсынылған жобаларды білікті қазылар алқасы бағалады. Оның құрамына алқа төрағасы болып география ғылымдарының докторы, Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім Академиясының академигі, ҚМПИ ректоры Қуат Маратұлы Баймырзаев тағайындалды. Алқа мүшелері:
1) Тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҚМПИ ғылыми жұмыстар және шетелмен байланыс жөніндегі проректоры Еркін Аманжолұлы Әбіл;
2) Заң ғылымдарының кандидаты, профессор, ҚМПИ оқу және әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры Мұхтар Әділбекұлы Төлеген;
3) Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, ҚМПИ тәрбие жұмыстары және әлеуметтік-экономикалық мәселелер жөніндегі проректоры Тілеген Әлмұханұлы Ахметов;
4) Педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, ҚМПИ ППФ педагогика кафедрасының меңгерушісі Бибігүл Мазанқызы Өтегенова.
Жоба сын тұрғысынан қызу талқыға түсіп, институт ғалымдарының қызығушылығын тудырды, ол өз кезегінде байқауға ғылыми, өзекті сипат берді.
Байқау жеңімпаздары болып:
2. Жаратылыстану-математика факультеті «Биология» мамандығы бойынша 3 курсының Амангелді Жакупов және Дамир Асылгереев атты студенттерінен құралған команда.
3. «Демеу» волонтерлық клубы» жобасымен Психология-педагогика факультеті «Педагогика және психология» мамандығының 2 курс студенттері Үміт Хасенова және Айтолқын Ибраева.