Сайтқа ақпарат
- Подробности
- Опубликовано: 20 января 2015
2015 жылғы 20 қаңтар күні ғылым, халықаралық байланыстар және инновациялық даму бөлімі Қазақстан ғылыми мекемелері және ЖОО базасында кәсіби даму және әрекет ету орталығын құру бойынша «Ньютон-Әл-Фараби» серіктестік бағдарламасы аясында «Ғылым қоры» АҚ және British Council жариялаған конкурсты талқылау жөнінде вебинар ұйымдастырып, өткізді. Орталықты құрудағы мақсат – Қазақстандағы ғылыми-зерттеу жұмысты қолдау және жоо-ның профессор-оқытушылар құрамы зерттеулерінің нәтижелілігін арттыру.
Он-лайн тәртібінде Ғылым қоры мен British Council өкілдері баяндама оқыды. Олар баяндамаларында кәсіби даму және әрекет ету орталығын құру арқылы Қазақстанның жоғары оқу орындары өз аймақтарында зерттеу бағдарламалары конкурсына қатыссын деген ниетпен конкурсқа қатысу талаптары жайлы толық ақпаратпен бөлісті.
- Орталық жұмысын үйлестіретін қызметкерлерге еңбекақы қарастырылған ба?
- Бағыт бойынша орталықты құра аламыз ба?
- Ұлыбританиядан әріптес іздеп, онымен Орталықты құруға өтінімді келісу қажет пе?
- Өтінімді қай тілде жіберуге болады?