ҚМПИ жас ғалымдарымен кездесу

21.01.15Ғылым, халықаралық байланыстар және инновациялық даму бөлімі институтта Жас ғалымдар кеңесін құру мақсатында 2015 жылғы 21 қаңтарда ҚМПИ жас ғалымдарымен кездесу ұйымдастырып, өткізді.
Жас ғалымдар кеңесінің басты міндеті – ғалым жастардың кәсіби тұрғыдан өсуіне, іргелі, қолданбалы зерттеулеге белсенді атсалысуына көмектесу.
Ғылым, халықаралық байланыстар және инновациялық даму бөлімінің бастығы Б.Баймұхамбетова Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары мен ғылыми мекемелеріндегі жас ғалымдардың жұмыстары жайлы ақпаратымен бөлісті. Ол кез келген маңызды және өзекті ғылыми идеялардың, әлеуметтік бастамалардың, әртүрлі зерттемелердің Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Қорынан, яғни мемлекетімізден қолдау табатындығын ерекше атап өтті.

ҚМПИ жас ғалымдарымен кездесуге Пекин қаласындағы Ғылым және ақпараттық технологиялар университетінің студенті Өтегенова Дана шақырылды. Дана Қытай университетіндегі студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының ұйымдастырылуы, ішінара университетте бірлескен халықаралық ғылыми-зерттеу жұмыстарының өткізілетіні жайында әңгімеледі.
ҚМПИ жас ғалымдары Жас ғалымдар кеңесін құру идеясын бірауыздан қолдап, ЖҒК активін сайлады.
Институтта ЖҒК құру идеясын қолдап факультет декандары Н.А.Айдынәлиева мен М.В.Сухов сөз сөйледі. ЖҒК активі бойынша пікірсайысқа жоғары мектепте еңбек өтілі мол педагогтердің қатысуы институтта Жас ғалымдар кеңесін құрудың маңыздылығы мен қажеттілігін көрсетті.

Біздің мекен жайымыз

110000, Қостанай қаласы,
Тәуелсіздік көшесі 118

  • Тел./факс: +7 (7142) 51-11-57

Біз әлеуметтік желідеміз